27 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

/uploads/thumbnail/20180103144428369_small.jpg

Қазақстанның ауа райын әлі де антициклон анықтауда. Соның әсерінен 27 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 18-23 м/с екпінмен соғатын желдің жылдамдығы 30 м/с-ге күшейеді. 

Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпіндегі жел 23 м/с артады, Жамбыл облысының жекелеген аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман болады. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

  Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады.  Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл,  Алматы облыстарында өте қатты аяз сақталады. 

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болжанады. 

Сонымен қатар қатты аяз Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде күтіледі.   

Қатысты Мақалалар