Әскери полиция оқушыларға нашақорлықтың алдын алуға қатысты сабақ өткізді

/uploads/thumbnail/20180128173304004_small.jpg

2018 жылғы 4 қаңтардаТүрксіб ауданының № 84 жалпы білім беру мектебінде Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағының кинология бөлімінің кинологтары қызметтік-іздеуші иттерді қатыстыру арқылы сабақ өткізді, сондай-ақ темекі шегу, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу тақырыбы да қамтылды. 

Сабаққа АӨГ ӘПЖ бастығының тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары, подполковник Г.Ж.Тлеужанов, АӨГ ӘПЖ кинология бөлімінің аға офицері-питомник бастығы, капитан К.Ж. Ибраев, питомник офицері- ветеринар дәрігер, аға лейтенант Н.Е.Диханбаев және мектептің 120-дан астам 8-10 сынып оқушылары қатысты.

Әскерилер

Аталған іс-шараның мақсаты – оқушыларды мектеп жасындағы жасқспірімдердің денсаулығына темекі шегудің, спирт ішімдіктерін ішудің,  есірткі заттарын қолданудың зиянды әсері туралы ақпараттандыру:

- балаларды темекі шегудің, алкогольдің, есірткі заттарының зиянын куәландыратын фактілермен таныстыру;

- оқушылардың назарын, адамдардың осындай зиянды әдеттерге бой алдыруының себептеріне аудару;

  • жеке тұлғаның рухани, физикалық және әлеуметтік аман-саулығын қамтамасыз ететін  құрал ретінде салауатты өмір салты туралы ұғымдарын қалыптастыру.Оқушылардың когнитивтік ортасын: ақыл-есін, ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту. Олардың бойында ұлы құндылық ретінде денсаулыққа деген оң өмірлік белсенді көзқарасты тәрбиелеу. Темекі шегуге, алкогольге, нашақорлыққа деген теріс қарым-қатынастың пайда болуына ықпал ету.

Әскерилер

Оқушыларға осы тақырыпқа арналған есірткі заттарының түрлері мен оны қолданудың салдарлары туралы бейне-роликтер көрсетілді.

№ 84 жалпы білім беру мектебі – Әскери полиция жасағының қамқорлыққа алған мектебі, онда «Юный кинолог» және «Жас тәртiп сақшысы» деп аталатын екі әскери-патриоттық клубтары бар.

АӨГ ӘПЖ-нің қызметтік-іздеуші иттері кез-келген объектіні қызметтік-іздеуші иттерді пайдалану арқылы күзетудің сенімділігін арттыруда маңызды құрал болып табылады. «Сали» және «Зара» лақап атты иттермен жұмыс істеу арқылы көрсетілім сабақтары өтті, онда кинолог мамандар – кіші сержант Марат Муканаевтың және ефрейтор Нурахмед Имангалиевтің міндеті мәжіліс залында оқушылар жасырған реквизиттерді итпен іздеп табу болды.

Әскерилер

Есірткі заты табылған жағдайда, қызметтік-іздеуші ит сол жерде тұрып қалады, бұл заттың табылғанын білдіреді, ал көтермелеу ретінде ит сүйікті ойыншығына ие болады. Иттер жіті көру, күшті есту және өте жақсы иіс сезу қабілетімен ерекшеленеді. Қазақстанның әскери полициясының кинологтары және олар үйреткен иттер түрлі байқаулар мен жарыстардың нәтижелері бойынша ең үздіктердің қатарында екенін естеріңізге сала кеткенді жөн көрдік.

Қатысты Мақалалар