Жастар алдына мақсат қойса, алынбайтын қамал жоқ

/uploads/thumbnail/20190130180651578_small.jpg

Кезінде Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп үлкен көрегенділік танытып, болашақтың иесі жастар екендігін айтқан екен. Шындығында, жастар біріксе үлкен күш. Жастар алдына мақсат қойса, алынбайтын қамал жоқ. Сондықтан мен барлық жастарды ізденіп, білімді тереңдетіп, ел игілігі үшін қызмет етуге шақырамын.

Міне, бүгін еліміздің барша жастары үшін үлкен мереке. Елбасы «Жастар жылын» жариялап, әрбір жүрекке от берді. Қандай бағытта, не істеу керек екендігіне дейін айқындап берді. Алысқа барып, бір жаңалық ашсам деудің еш керегі жоқ екендігіне көзім жетті. Өзіміздің замандастарымыздың қол жеткізген табыстарына қарап қуанып отырмыз. Биыл да Елбасымыз мемлекет тарапынан қаншама грант бөлуді тапсырды. Бұл басқосу жастарға жаңаша қанат бітірді.

Алматыда 2017 жыл Жастарды қорғауға арналған жыл болып жариялан­ғаны белгілі. Сол кезде отыз жасқа дейінгі жастарды баспанамен қамту мәселесі алдыңғы орынға қойылып, талай жасқа баспана бақыты бұйырған еді. Міне, енді республика жастары үлкен қолдауға ие болып, өздерінің бизнес жоспарларын, басқа да мақсаттарын жүзеге асырудың уақыты келіп тұр. Сондықтан Елбасы қолдап, жастарға жігер беріп отырғанда неге серпілмеске? Барлық жастарды ой бөлісіп, бірлесе еңбек етуге шақырамын. Біздің біраз жобаларымыз бар. Көп болып ақылдасып, біраз бизнес жоспарларды жүзеге асыруға болады.

Айсұлтан Таубайұлы 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар