Діни алауыздық тудырған "дүмше" сотталды

/uploads/thumbnail/20170816171838217_small.jpg

БАҚ беттерінде Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары псевдо-салафизм лидері «Ділмұрат Абу Мухаммад» атымен танымал Сарыағаш тумасы Ділмұрат Махаматовты қамауға алғандығы туралы ақпарат тараған еді.

2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстанға экстрадиция жасалынып, сот процесі 1 айға созылды. Ділмұрат Абу Мухаммад уағыздарында «ҚМДБ-ға қарасты имамдарды балағаттап, жақтастарын салық төлемеуге шақырып, Қазақстанда экстремистік пиғылдағы материал ретінде танылған «Үш негіз» кітабының тыйым салынған бір тармағын уағыздағаны үшін, «Харижилерді, такфир жамағатын өлтіруге болады» деген радикалды  көзқарастарды насихаттағаны үшін ОҚО сот шешімі бойынша Дильмурат Абу Мухаммад (ҚР ҚК 256 бабымен) – «Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру» және (174 бабы 2 бөлімі) – «белгілі бір топтың келісілген түрде әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздырғаны» үшін 8 жыл бас бостандығынан айырылды.

Салафизм-Мадхализм бағытының псевдо-лидері Ділмұрат Абу Мухаммад – ғаламтор желілері арқылы заңсыз миссионерлікпен айналысып, деструктивті діни ағым псевдо-салафизм бағытын уағыздап, Қазақстанмен қатар ТМД елдерінде мұсылмандар арасында ұлтаралық араздық пен керағар әсерін тигізген.

Сауд Арабиясына Умра жасауға барған қазақстандық азаматтарды қонақ үйлер мен дәмханаларда жинап, жыл сайын лекциялар өткізіп, аудио-таспаларды әлеуметтік желілерде таратқан. 

Нәтижесінде, 2019 жылға дейін «Ділмұрат Абу Мухаммадтың» лекцияларын тыңдап және таратқаны үшін 30-ға жуық қазақстандық азамат бас бостандықтарынан айырылды. Олар ҚР ҚК 174-бабы бойынша діни алауыздық қоздырды деген айыппен күні бүгінге дейін түзету мекемелерінде жазасын өтеуде.

Ділмұрат Абу Мухаммадтың әлеуметтік желіде тараған 8 уағызы оның сотталуына негіз болған еді. Яғни, «Такфир жамағатын» сынға алуда шектен шығып: «Хауариждерді көрген жерде өлтіру керек, өйткені хауариждер мен қазіргі такфирлер бір нәрсе, оларды өлтіру адал болады», - деп оларды өлтіруге шақырады. Мұндағы хауариждер деп – үлкен күнә жасаған адам мәңгі тозақта, намаз оқымаған адам – кәпір және оларды өлтіру керек деген лаңкес ұйым. (Такфир уаль-хижра – ҚР тыйым салынған эестремистік ұйым).

«Әл-Уара уәл-Баро» (құдай үшін жақсы көру, құдай үшін жек көру) - мәселесінде: «Кәпірлерді жек көру, християндарды жек көру керек, ал еврейлерді одан да қатты жек көру керек, соларды жек көрген сияқты бидғат иелерінде жек көру керек. Бидғат иелері мұсылмандардан болса да – оларды жек көру керек», - деген сарындағы уағыздары –«Ширк» (Құдайға серік қосы), «Бидғат» (інге жаңалық енгізу), «Адасу» (тура жолдан ауытқу) туралы тақырыптарды өрбітеді. Яғни тек өзінікін ғана дұрыс санап, түсіндіру барысында мәтіндердің негізгі мағынасын бұрмалап, соқыр салафизмге шақыру әдісін қолданады. 

Айта кететін жайт: Салафизм бағыты такфиризм, мадхализм және суруризм болып үшке бөлінеді. Барлығы бірін-бірі сынға алып, пікір қайшылықтарын ортаға салып, өзара бірін-бірі жек көреді. Алайда, әдебиеттері мен оқитын кітаптарының қайнар көздері бір. Ал, айырмашылықтары тек саяси көзқарастарында.

Ақидасы: 661 ж.д.к. Ибн Таймия және 1703 ж.д.к. Мухаммад Ибн Абдул-Уаһһабтың еңбектеріне жүгінеді. «Суннамен» жүреміз деген ұранды алға тартқанымен – Ибн Таймия мен М.Ибн Абдул-Уаһһабтың мәнһажының (әдістемесі) ізбасарлары әл-Албани, Фаузан, Ибн Баз сынды псевдо-салафизм жетекшілерінің көзқарастарының төңірегінде негізделеді.

Дүниетанымы: Иман мен амал мәселесінде – амалды иманға кіргізіп, намаз оқымаған адамды «кәпір» деп – такфирилік салафизм пайда болады. Кәпір екенін білгенімен, оны жарияламай іште сақтау керек деген – мадхализм салафилерінің ұстанымы. Дегенмен, псевдо-салафилердің қай ағымы болса да Мухаммад Ибн Абдул-Уаххабтың еңбегінде жазылған мәтіннің аясынаншығып кете алмайды.

Қарама-қайшылықтары: Алғашқы үш буын 14 ғасыр бұрын өмір сүрген сахабалар жолымен жүреміз деп, 1703 жылы 300 жыл алдын дүниеге келген Мухаммад Ибн Абдул-Уаһһабтың идеологиясымен шектеледі.

Қорыта келгенде, Ділмұрат Абу Мухаммад Сауд Арабиясында жүріп, деструктивті діни идеологиядағы жақтастары арқылы Қазақстанда бүлік таратып, діни алауыздық қоздырғаны үшін жазасын алды.

Сондай қасиетті жерде жүріп бүлік таратушының жазасы – Сауд Арабиясы Корольдігі тарапынын тұтқындалып, бүлік тарату ошағы жабылып, Қазақстанда 8 жылға бас бостандығынан айрылғаны ойландырарлық жайт.

Сондықтан да псевдо-салафизмнің қай-қайсысынан аулақ болып, қазақ даласында ғасырлар бойы жалғасып келген дәстүрлі ислам: ханафи мәзһабы мен ұлттық құндылықтарымызды қастерлеп, сенімде матуриди мектебін ұстануымыз қажет. 

Серік Тәжібаев, ШҚО ДІБ ДМЗО теологы,

исламтану ғылымдарының (PhD) докторанты.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар