Ғаламтор–қауіпсіздіктің жаңа дәуірі: ILCoin блокчейні шабуылдың барлық түріне төзімді

/uploads/thumbnail/20190530104922349_small.jpg

Барлық әлемге белгілі киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Palo Alto Networks серіктесі Eurodigital әлемде алғашқы кванттық-тұрақты блокчейнді сертификаттады. Сарапшылар осы жылдың басында ILCoin әзірлеушілерімен жасалған С2Р хаттамасының көптеген есептеуіш қуаттарды, соның ішінде, 51% шабуылды қолдануға негізделген кез келген кибер-шабуылдарға шыдай алатындығын дәлелдеді.  

Блокчейн туралы

Блокчейн - базадағы жазбалар бірінен кейін бірі ілесетін және өзгертіле алмайтын деректерді сақтаудың бірегей тәсілі: блоктардың барлық тізбелерінің көшірмелері желі қатысушыларының компьютерлерінде сақталады және деректерді қолдан жасаудың кез келген әрекеті бірден байқалатын болады.     

Бұндай жүйелердің басты осалдығы – ұзақ уақыт бойы 51% шабуыл болып келді. Егер қаскүнемдер желінің есептеуіш қуатының 50-ден жоғары пайызын бақылаған жағдайда, олар деректерді өз қалауы бойынша өзгерте алады. Кванттық процессорларды әзірлеудегі соңғы жетістіктер мұндай шабуылдардың қауіп-қатерлерін күшейтті.  

Сәтті кибер-шабуылдардан келтірілетін зиян миллиондап есептеледі және жақын уақытқа дейін бірде бір компания, тіпті Биткоин да олардан толық қорғанысты қамтамасыз ете алмады.   

Bitcoin Gold-қа шабуыл кезінде 2018 жылдың мамырында 18 миилионнан аса АҚШ доллары  ұрланды.  Бірақ іс тек ақшада ғана емес. Блокчейн технологиясын қолдануда әлі күнге дейін басты вектор қаржылық индустрия болғанымен, ол басқа да салаларға - соның ішінде шығын әлдеқайда күрделірек болуы мүмкін медицинаға белсенді ендірілуде. 

C2P - ILCoin жаңа хаттамасы

I Барлық крипто-нарыққа абайлап қарау дәуірінде компания ашықтыққа, маркетологтардың айла-әрекеттерінен шынайы технологиялардың басымдығына және блокчейн-индустрияның ең мерзімі жеткен мәселелерін - соның ішінде 51% шабуыл мәселелерін шешуге бағытталған жоғары технологиялық әзірлемелерге ерекше мән береді. 

"Бізге ILCoin бастапқы кодын толықтай қайта жазуға тура келді. Біз қағидатты жаңа шешімді жасағымыз келді: қауіпсіз, тиімді, бірақ бұл ретте сәнді.  Және бұл біздің қолымыздан келді", - деп ILCoin атқарушы директоры Норберт Гоффа түсінік берді.  

Мамандар жаңа хаттаманы 4 аптаның ішінде тестілеуден өткізді. “ILCoin блокчейні шабуылдың барлық түріне төзімді болып шықты. Ешқандай есептеуіш қуаттың оған шамасы келмеді", - деп мәлімдеді Eurodigital бас басқарушысы Питер Борос.  

Осылайша, ILCoin-нен C2P жаңа хаттамасы блокчейн-жүйелердің ең үлкен осалдықтарының бірін сәтті жояды және индустрияны киберқауіпсіздіктің жаңа деңгейіне шығарады.

Сертификаттау жөнінде толығырақ ақпаратты ресми сайттан және ILCoin Телеграм-қоғамдастығынан табуға болады.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар