Қазақстанда соңғы жылдары маркетинг пен жарнаманы цифрландыру бойынша жаңа тренд қалыптасып келеді. Бұл өзгерістердің жүзеге асуына Оңтүстік Кореядан келген технологиялық компаниялар көп үлес қосып отыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Cheil Kazakhstan алматылық агенттігінің жаңа президенті, Сеулден келген Ким У Бин: "Көпшілікке жарнамалар ұнамайды, бірақ бұл парадигма жуырда өзгермек, себебі сіздер одан ләззат алатын боласыздар", - деді.
2016 жылы Cheil Kazakhstan Epica, White Square, КМФР, Идея, Red Jolbors және т.б. халықаралық креативті байқауарда ең үздік марапаттарды алып, AdAsia нұсқасы бойынша Орталық Азияда үздік креативті агенттік атағын жеңіп алған болатын. Байланыс бойынша сарапшылар сол кезде Қазақстан бүкіләлемдік жарнама әлеміне танылды деп айрықша атап отыр.
Оңтүстіккореялық экспаттың мықты тұсы - сандық технологиялар. Оларды, мәселен, Over The Horizon сынды ірі, атышулы жобаларда тиімді пайдаланған болатын. Over The Horizon – өз смартфонына теңдесіз, ғажайып суреттер түсірген, көзі көрмейтін саяхатшы Александр Журавлев туралы фильм. Кампания ауқымы ғаламтор пайдаланушылардың 50 миллионнан астамын қамтыған болатын. Over The Horizon фильмі ТМД-дағы фестивальдарда 17 марапатқа ие болған.
Ким У Бин Алматы туралы алғашқы әсері көпшілік брендтердің бағдарындағы жастар ролінің күшеюінде екендігін ерекше атап өтті. Сондықтан, оның ойынша, Қазақстандағы жарнама ішпыстырарлық болмауы тиіс.
«Адамдар брендтердің компанияларына қызығушылықпен өздері қатысып, қызықты жағдайлардың қаһармандары атанып, керемет әсер алуы үшін, күшімізді алдыңғы қатарлы цифрлық құралдарға шоғырландырамыз», – деді Кореядан келген менеджер.
Оқи отырыңыз:
♦Samsung Coding Lab мектебінің үздіктеріне смартфон сыйлады
♦AMD және Samsung компаниялары стратегиялық серіктестік орнатты
Пікір қалдыру