Beeline желіні жаппай жаңғыртуды бастады

/image/2019/06/07/2l1a0679.jpg

Beeline желіні жаппай жаңғыртуды бастағанын және 5G сынақ аймағын ашуға дайындалып жатқанын жариялады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жыл соңына дейін желінің сыйымдылығы Алматы мен Шымкентте сәйкесінше 3 және 4 есе артады. Одан бөлек, халқының жалпы саны бір миллионды құрайтын 107 елді мекен 4G желісіне қосылады.

Beeline КСеллмен арадағы желіні бірге пайдалану туралы келісімнен шыққан соң, жеке дамуға көңіл бөлді. Базалық станцияларға орнатылатын жаңа қондырғы желінің сапасын айтарлықтай жақсартады және келешекте 5G стандартына жылдам ауысуға мүмкіндік береді.

«Біз таралымды кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар сапаны да арттырып жатырмыз. Былтыр Нұр-Сұлтанда MIMO 4х4 технологиясы іске қосылды. Халықаралық жіктелім бойынша ол 4,5G-ге пара пар, биыл оны Алматы тұрғындары да пайдалана алады. MIMO 4х4 жылдамдығы әдепкі LTE-ден бірнеше есе жоғары. Келесі қадам – 2020 жылы Massive MIMO-ны іске қосу болмақ. Бұл 4.9G халықаралық стандартына жақындауымызға мүмкіндік береді. Ал биыл күзде Шымкентте 5G желісін таныстырамыз. Ол сынақ жобасы болады, соның негізінде технологияға алдағы уақытта салынатын инвестиция көлемі мен оны енгізу стратегиясын анықтаймыз», - деп Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков пікір білдірді.

Сынақ жобасы кезінде Шымкент қаласының орталығында 5G стандартындағы сервистерді ұсынатын бірнеше базалық станция жұмыс істейді. Технологияның артықшылықтарын 2019 жылы ІІІ тоқсанда бағалауға болады. Сынақ жобасы нәтижесінің негізінде Beeline Қазақстаннан бөлек, 5G желісін дамыту стратегиясын VEON тобының барлық компаниясы жасайды.

Қазір Beeline байланысын Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде пайдалануға болады. Бұл – халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қол жеткізе алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған және заманауи байланыстың барлық стандартына сай сәтті қызмет етіп келеді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар