Шілде айында антивандал қорғанысы мен GPS-трекерлері бар 300 электросамокат 35 орынға қойылады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Кolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жалға алынған электросамокатпен қозғалу уақыты 5-7 минут. Оны көбіне метро бекетіне не аялдамаға дейін жету үшін пайдаланады. Біздің Android және IOS жүйелеріне арналған қосымшаларымыздың көмегімен пайдаланушылар банк картасы арқылы төлем жасай алады. «ОҢАЙ» картасы арқылы төлеу мүмкіндігін беру де жоспарда бар. Жыл соңына дейін біз тағы 500 самокатты іске қосамыз, — деді Ozim scooters стартапының директоры Асылбек Есенов.
Естеріңізде болса, бір жыл бұрын Алматыда велосипедтерді жалға беретін сервис түрі іске қосылған болатын. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бізге мұндай жаңалықтарды енгізуге әлі ерте сияқты, себебі жалға берілетін ofo велосипедтері талан-таражға түскен еді. Қазіргі таңда жұмысын жалғастырып келе жатқан тек муниципалдық «Алматы байк» қана.
Пікір қалдыру