Біз «жасыл экономикаға» өту арқылы не ұтамыз?

/image/2019/07/31/094503275800.jpg

Жалпы «жасыл экономика» дегеніміз не? Ақиқатын айту керек, Қазақстанның экономикалық нарығында бұл мәселе  соңғы 7-8 жылда ғана айтыла бастады. Неге? Мұның өзі Қазақстанның бастамасы екенін екінің бірі біле бермейді. Осыдан 7 жыл бұрын Елбасы Назарбаев энергияны үнемдеу мәселесі тұрғысында ғаламға «жасыл көпір» бағдарламасын ұсынған. Бұл артынша Рио -де -Женейрода өткен халықаралық конференцияда мақұлданған. Содан бері бұл мәселе күн тәртібіне шыға бастады. Жалпы «жасыл экономикаға» өтуден әлем қазірдің өзінде пайда таба бастады.

Біз «жасыл экономикаға» өту арқылы не ұтамыз? Мұның пайдасы өте көп.

Табиғи пайдалы қазбалар қорының таусылуының алдын аламыз

Электр қуатын үнемдейміз

Бұл экологиялық жағынан өте тиімді

Ауаның ластануын болдырмаймыз.

Үнемдеуді үйренеміз

Электр қуаты мен басқа да энергияға кететін шығынды азайтамыз.

Экономиканың біз үшін өзге саласы дамиды.

Ауыл шаруашылығынан алынатын өнім сапалы, экологиялық жағынан таза болады.

Өндірісте  қауіпсіздік азаяды

Әрине мұнан да өзге пайдалы жақтары өте көп. Біздің мемлекет соңғы жеті-сегіз жылда  «жасыл экономикаға» көшуді қолға ала бастады. 2014 жылдан бастап жаңа заң қолданысқа енгізілді.   Ол– «Жасыл экономика туралы заң» деп аталады. Бір ғана мысал, қазіргі уақытта қуат көзінің 42 пайызына жуығын көмірден алып отыр екенбіз. Ал көмір жақсы жанғанымен, оның улы түтінінен қоршаған ортаға қаншама зиян келіп жатыр?  Улы газ ауаға тарап жатыр. Ал «жасыл экономикаға» көшсек, жел мен судан және күн энергиясынан қуат көзін өндірсек, мұның ең алдымен экологиялық жағынан пайдасы орасан зор. Мұның адамның денсаулығына да тиімділігі өте зор болар еді. Қазіргі көрсеткіштерге көз жүгіртер болсақ, күн мен желден алатын қуатымыз 1 пайыз шамасында ғана екен. Демек, ол үшін не істеу керек? Бәрі де ынта мен жігерге және қаржыға байланысты. Экономикалық сарапшылардың болжамына қарағанда, кез келген ел «жасыл экономикаға»  көшу үшін жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын жыл сайын осы салаға жұмсап тұруы керек екен. Сонда ғана экологиялық жағынан таза, қоршаған ортаны ластамайтын қуат көзін өндіре аламыз және   оның игілігі де көріне бастайды.

Қазақстан болашақта, атап айтқанда, 2050 жылға дейін жаңартылатын көздерден энергияның 50 пайызын алуды мақсат етіп отыр. Бұл түсінікті де. Қазақстан пайдалы қазбалары мол ел бола тұра осы саланы өркендетуді қолға алды. Өйткені жаһандық жылыну мен климаттың өзгеруі ғаламдық экологияға әсер етуде. Көмір қышқыл газ бен ауаның ластануы және қоқыс қалдықтарынан қоршаған орта тазаруы керек.  Мысалы, қоқыс қалдықтарынан қайта пайдаланып, одан өнім шығару ісі қазір елімізде қайта қолға алына бастады. Демек, мұның барлығы «жасыл экономикаға» өту деген сөз.

Әлем «жасыл экономикаға» көшіп, оның игілігін көре бастаған уақытта Қазақстан мемлекеті еш қалыс қала алмайды. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша «жасыл экономикаға» көшуге қадам жасалды. 2050 жылға дейін үш кезеңді қамтып, дамитын тың сала енді жандана бастайды деп ойлаймыз. 2020 жылға дейін жеті жылға созылған уақыттың ішінде біз ең алдымен керекті бағдарламалар мен тұжырымдамаларды бекіттік. «Жасыл экономика» туралы арнайы заң қабылдадық. Одан кейінгі екінші кезең онжылдықты, 2020-2030 жылдар аралығын қамтиды. Үшінші кезеңнің жұмыс жоспарлары  2050 жылға дейін жалғасады. Демек, жоспар мен мақсат бар. Тек оны жүйелі түрде жүзеге асыру қалды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар