Финляндиядағы білім реформасы: Енді әр пән сабақ ретінде оқытылмайды

/image/2019/08/21/fin.jpg

Финляндиядағы білім жүйесі әлемдегі ең озық сала ретінде саналады.

Рейтингке қатысты сараптамаларды қарайтын болсақ, фин елі білім беру жағынан әлемде алғашқы бестікке кіреді.

Moon Child басылымының жазуына қарағанда, алдағы уақытта білім беру саласында революциялық реформалар жасалынбақ. Бұл реформа 2020 жылдан басталайын деп тұр.

Фин мамандарының айтқанына сенсек, әр пән енді жеке сабақ ретінде оқытылмайды. Атап айтар болсақ, келер жылдан бастап, физика, математика, әдебиет, тарих және  география сабақтары өткізілмейтін болды. Сонда фин балалары не оқиды дейсіз ғой. Мысалы екінші дүниежүзілік соғыс тарих, математик және географиядан беретін маманның көзімен қарастырылып, оқушыларға осылай кіріктірілген пән ретіндегі сипатта беріледі.

Мысалы, «Кафедегі жұмыс» курсында оқушылар ағылшын, экономика және коммуникативтік жаңашылдықты ортаға салып, оны мұғаліммен бірге отырып талқылайды. Аталған жүйенің барлығы 1-сыныптап бастап емес, бала 16 жасқа жеткенде жүзеге асады. Оқушылар қай саланы таңдауы керек, болашағы үшін 16 жасқа жеткенде олар өздері армандаған салаға бейімделе бастайды. Нақты айтқанда, олар енді физика мен химияға миын ашытпайды. Жоғары сыныпта олар ағылшын әдебиеті мен физикаға да бас қатырмайды. Оның орнына балалар белгілі бір тақырыптар мен оқиғаларға талдау жасайды. Фин мамандарының айтуы бойынша, сөйтіп оқушылар қоршаған орта туралы кешенді түрде білім алады.

Қазірдің өзінде фин мұғалімдерінің 70 пайызы дайындық курсынан өтіп, жаңа реформаны игеруге дайын отыр. Оның үстіне жаңа курстан өткен ұстаздарға  фин билігі қосымша жалақы төлеуді қолға алды. Нақтыласақ, фин ұстаздары айына 4000 -5000 мың доллар айлық алады екен.

Ал Ерлан Сағадиев білім министрі болып тұрған сәтте бізге де осындай керексіз тәжірибелер енгізіліп еді. Бірқатар пәндерді біріктіріп, оқушы мен мұғалімнің миын ашытып еді. Сөйтсек, экс-министр Сағадиев шетелге қарап «ұлыған» екен ғой.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар