«Жаңа әліпбимен жазуды бастап кетуіміз керек!»

/image/2019/09/06/crop-42_0_533x711_latyn.jpg

«Рас, әліпбиде «әттеген-ай» дейтін тұстар бар. Бірақ  жазу үдерісін тежемеу үшін емле керек». Бұл туралы Anar Fazyljan өзінің фейсбук парақшасында мәлім етті.

«Латын әліпбиіне көшу "асығыс, себебі әліпбиді түзеу керек, емлені ерте жасап жатырсыздар" деген пікір көп айтылады. Рас, әліпбиде әттеген-ай дейтін тұстар бар. Бірақ жалпы осы акуттық әліпби бекітіліп кете жаздаған диграфтар мен апостроф (биттібас) нұсқаларынан әлдеқайда тиімді әрі икемді. Ішінара реттеулер жасау керектігі де анық. Ондай реттеулер болатынына кәміл сенемін. Дегенмен де жаңа әліпбимен жазуды бастап кетуіміз керек! Ал жазу үдерісін тежемеу үшін емле керек. Емленің мақұлданғаны керек болды. "Бекітілгені" деп айтпағаным, бекітілген емлені жақсарту қиындап қалады. Ал мақұлданған емле бекітілгенге дейін қолданысқа түсіп, қырналып, екшеліп, жақсара түсері анық. Қанша әліпби реформасының тәжірибесін қараған ғалымдардың реформаның әу басындағы әліпби мен емле ережелерінің сол кездегіден ауытқымай, сол күйі бекіп қолданылғаны туралы айтып-жазғанын көрмедім, қайта керісінше, реформа басталысымен жазу жүйесі халық арасында әбден тарап, қолданысқа енгеніне дейін талай өзгертулер мен түзетулерді басынан кешеді. Және де, бір қызығы, осы үдерістерді кейіннен бағалаған зерттеушілері мұны бір қателік, адасу деп деп танымайды, қайта керісінше, ғылыми ойдың жетілуі, халық түсінігінің жақсаруы, әліпби мен емленің халық қолданысына қарай икемделуі деп оң әрі жоғары баға береді.
Айтайын дегенім))) осы үдерістердің сауатты өтуіне, зиялы қауымды, қолына қалам ұстаған жұртты ғана емес, жалпақ жұртты да жаңа әліпбиден хабардар қылу, олардың жаңа әліпбимен жазуға деген ынтасын арттыру үшін атқарылып жатқан шаралар, біздіңше, өте маңызды. Мәселен, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылы 2 миллион азаматымыздың қатысуымен өткен алуан түрлі насихат шараларын өткізді: дәрістер, семинарлар, курстар, конференциялар, 1 миллион 600 мыңнан астам отандандасымызға тұңғыш рет Жалпыхалықтық диктант өткізді. Латын әліпбиін насихаттауға арналған өнімдердің қаралымы мынадай болды: сайттарда 1 111 377, латынша титрмен шыққан мульфильмдерде 1 584 167, тележобаларда 397 000, мобильді қосымшаларда 10 474, вайндарда 5 064 741.
Сандар нені білдіреді? Біріншіден, халық латын әліпбиімен жазуға ерекше ықыласты екенін, екіншіден, осынша халықты қамтитын шаралар өткізуге мүмкіндік жасап отырған Үкімет, Мәдениет және спрот министрлігінің жазу реформасына деген көзқарасы оң, қолдауы зор екенін, үшіншіден, осы шараларды тікелей жүзеге асырушы «Тіл-қазына» Орталығының кәсіби жағынан да латынның арқасында өспеуінің мүмкін еместігін білдіреді.
Барды бағалайық, достар!».

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар