(жалғасы)
Алайда Аманшаның денсаулығы әлсіз болғандықтан 1925 жылы Ілияс Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік журналистика институтына жолдама алған кезде Аманша ауылында қалды. Саят Жансүгіровтің айтуы бойынша, Аманша Ілияс үшін масыл болғысы келмеді. Ілияс Мәскеуге аттанғанда Аманшаның аяғы ауыр болған. Бірақ Аманшаның денсаулығы нашарлап, толғақ кезінде дүние салған. Ілияс сол уақытта Мәскеуде оқуын оқып, жан-жарының өлімі туралы білмеген. Ілияс Жансүгіров Мәскеуден ауылына оқу демалысы кезінде оралған. Қуанышқа толы Ілияс қолында сүйіктісіне сыйлық ұстап келе жатқан. Әйелінің өлімі туралы естігенде ол жан түршігерлік жағдайға түсті. Аманша Ілиясқа өзінің сақиналарын және қысқа хат қалдырған. Сол хатта «Ілияс. Осы сақиналармен басқа да заттарды саған қалдырамын. Оларды сақта. Осы жарық әлемде мен жарқырап... өштім. Сен менің қасымда болмадың. Мен сені көре алмадым. Қош!» деп жазылған.
№ 66
ВЫПИСКА ИЗ ПРОТОКОЛА ЗАСЕДАНИЯ ИСПОЛБЮРО ДЖЕТГУБКОМА РКП (б)
10 августа 1925г.
СЛУШАЛИ: заявления т.т. Тажибаева и Джансугурова (докл. Т. Барибаев)
ПОСТАНОВИЛИ: Признать необходимым обеспечение семей т.т. Тажибаева и Джансугурова на время их учебы.
Вопрос о средствах поручать выяснить т.т. Барибаеву и Кошкунову.
Выписка верна:
Секретарь исполбюро Ряднин
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 29. Подлинник.
№69
ИЗ ПРОТОКОЛА ЗАСЕДАНИЯ ПРЕЗИДИУМА ДЖЕТЫСУЙСКОГО ГУБЕРНСКО-ГОРОДСКОГО ИСПОЛКОМА
16 августа 1925г.
[...] СЛУШАЛИ: об отпуске на отправку студентов и курсантов в вузы и другие заведения.
ПОСТАНОВИЛИ: во изменение постановления ГИК а от 05. 07. с.г. за N 77, п. 7, утвердить смерту расходов по отправке учащихся полностью в размере 2450 руб. 80 коп. Из запасного фонда, отпустив из этой суммы 700 руб. губинспекции НКП, для отправки зарегистрированных курсантов, а остальную сумму 200 руб. оставить в распоряжении ГИКа для той же надобности.
2.СЛУШАЛИ: об оказании материальной помощи т.т. Джансугурову и Тажибаеву, отправляющимся продолжить образование, как нуждающимся в таковой.
ПОСТАНОВИЛИ:принимая во внимание крайнюю бедность т.т. Джансугурова И Тажибаева и их продолжительную полезную общественную деятельность в губернском масштабе, возбудить перед Стипендионной комиссией ходайство о назначении стипендий, т.т. Джансугурову и Тажибаеву, в первую очередь, и одновременно оказать материальную помощь в возможном размере […].
Председатель И.Кошкунов
Секретарь Шамышейский
ГААО. Ф. 489. Оп. 2. Д. 4. Л. 203-204. Подлинник.
№70
УДОСТОВЕРЕНИЕ ЧЛЕНЫ ПРЕЗИДИУМА ДЖЕТЫСУЙСКОГО ГУБЕРНСКО-ГОРОДСКОГО ИСПОЛКОМА СОВЕТОВ
18 августа 1925г.
Предъявитель сего член президиума Джетысуйского губкорискома Советов Джансугуров Ильяс действительно состоял в должности губернского инспектора Народного комиссариата просвещения КССР в Джетысуйской губернии с 17 марта 1925г. По 9 августа 1925г., что подписями и приложением печати удостоверяется.
ОСНОВАНИЕ: протокол заседания ГИКа от 17.03.1925г. №30 пункт 2, приказ ГИКа от 20.03.1925. №46, протокол заседания ГИКа от 09.08.1925г. №78 пункта 10.
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 784. Л. 130.
№71
ХАРАКТЕРИСТИКА НА И.ДЖАНСУГУРВА.
19 августа 1925г.
На кандидата РКП (б) по должности инспектора Наркомпроса в Джетысуйской губернии тов. Джансугурова Ильяса.
Выдвинут из низов, батрак, за короткий срок доказал способности к работе и занимаемой должности соответствовал. Руководить работой и подобрать работников может.
Специального марксистского образования не имеет. Политически развит удовлетворительно. В склоках и группировках не замечен. Дисциплинирован. Как товарищ – хороший.
Имеет склонности к литературной и педагогаческой работе, имеет в этом практический опыт.
В дальнейшем необходимо использовать по литературной или педагогической работе.
Утвержден исполбюро Джетгубкома РКП (б) протокол №40 от19. 03. 1925.
Секретарь исполбюро РКП (б) Ряднин
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 44. Подлинник.
№72
ПИСЬМО КАЗКРАЙКОМА РКП (б) В ПРИЕМНУЮ КОМИССИЮ АКАДЕМИИ КОММУНИСТИЧЕСКОГО ВОСПИТАНИЯ
г.Кзыл-Орда 25 августа 1925г
Командируемый нами т. Джансугуров не совсем полно отвечает условиям приема (в смысле академической подготовки). Но по условиям культурной отсталости казаков-киргизов он является наиболее передовым товарищем, имеющим большой практический стаж по работе на культурном фронте. Кроме того, т. Джансугуров обладает большими способностями, поэтому Крайком РКП (б) настоятельно ходатайствует о зачислении его слушателем Вашей Академии.
Ответ. секретарь Крайкома РКП (б) С.Ходжанов
Зав. АПО У. Джандосов
ЦГАРК. Ф. 1368. Оп. 3. Д. 64. Л. 53. Подлинник.
№73
ИЗ ПРИКАЗА ПО ДЖЕТЫСУЙСКОМУ ГУБЕРНСКО-ГОРОДСКОМУ ИСПОЛКОМУ
1 сентября 1925г.
[…] Пункт №2 Губинспектора Наркомпроса т. Джансугурова, отбывшего 09.08.с.т.в г. Москву для продолжения образования, полагать от занимаемой должности освобожденным с 09.08. с.г.и с того же числа назначается т. Аспендиаров.
Основание: протокол совещания Президиума ГИКа от 09. 08 с.г. № 78, п. 9 […]
Предгубгорисполкома Бусаков
Секретарь Шамышейский
ГААО. Ф. 489. Оп. 1. Д. 681. Л. 114. и об. Подлинник
Міне, осындай көптеген кедергілерден асқан Ілияс Жансүгіров Мәскеуге аттанады. Жүйелі алмаған біліміне қанағаттанбаған ақын сол кездегі Кеңес өкіметінің астанасына да келеді. Сол кездегі Мәскеудің саяси һәм рухани-мәдени, әдеби элитасымен қоян-қолтық араласып, тығыз шығармашылық қарым-қатынас орната бастайды. Ілиястың армандаған келіп жеткен қаласында орыс достары өте көп еді. Мәскеудің түрлі мәдени бұрышында, Пушкиннің, Лермонтовтың ескерткіштері маңы мен өлең оқитын сол заманнан аты шыққан ақындарының жыр кештеріне, поэтикалық дискуссия мен әдеби отырыстарға барып жүрген. Мәселен, Анна Ахматова, Марина Цветаева, В. Маяковский, М. Светлов, В. Луганский, Д. Бедный, Э. Багрицкийлармен жақын таныс-біліс болғанын ақын туралы жазылған көзкөрген замандастарының естелігінен кездестіруге болады.
...Мәскеуге Ілиястай мол мұра қалдырған сан қырлы таланттың шығармаларын түгендеу қамымен келген соң, оның өмір жолына, қоғамдық-саяси, әдеби-мәдени қызметіне қатысты тарихи нысандарды аралауды міндет деп санадық. Сапар барысында ақынның өзі жақсы көріп, жиі-жиі саяхаттаған Кремль кешеніне, Москва өзенінің жағалауына, оның сүйікті ағасы, қамқор досы болған жазушы Максим Горькийдің музей-үйіне бардық.
Музей үйінде Максим Горькийдің балалық шағының оңай болмағаны, тағдырының Ілиясқа ұқсас екендігін байқадық. Горький ерте жетім қалып, балалық жылдарын өзінің нағашы атасы Кашириннің үйінде өткізді. 11 жасынан бастап «адамдарға» баруға мәжбүр болды: дүкенде «бала», кемеде буфетті ыдыс жуушы, наубайханашы болып жұмыс істеді. Шеберханада икон жазуды үйренді.
1884 жылы Қазан Университетіне түсуге талпынады. Маркстік әдебиет пен насихат жұмысымен танысады. 1888 жылы Н. Е. Федосееваның үйірмесіне байланысты қамауға алынды. Полицияның үнемі қарауында болды. 1888 жылдың қазан айында Дробинка станциясындағы Грязе-Царицино темір жолына күзетші етіп жіберді. Дробинкадағы алған әсері «Сторож» және «Скуки ради» автобиографиялық әңгімелері үшін негізгі қызмет атқарды.
1889 жылдың қаңтар айында өзінің келісімімен (өлеңмен жазылған) Борисоглебск станциясына ауыстырылды, кейін Крутая станциясына таразышы болды. 1891 жылдың көктемінде ел аралап, Кавказға дейін жетті.
1932 жыл – Горький Кеңес Одағына оралады. Үкімет оған Горка мен Тесселидегі саяжайдан Спиридоновкадағы Рябушинск бұрынғы жеке үйін берген болатын. Осы жерден ол Сталиннің тапсырысын алды – кеңестік жазушыларының 1-съезі үшін негіз даярлау еді. Бұл үшін олардың арасында даярлық жұмыстарын жасау керек болатын. Міне осы тұста Ілияс Максим Горькиймен жүздеседі, екеуара әдебиет пен мәдениет, болашақ жоспарлары мен жазар дүниелерімен бөліседі.
1934 жылы 11 мамырда Горькийдің ұлы – Максим Пешков аяқ астынан қайтыс болады. М.Горький 1936 жылы 18 маусымда Горкада ұлының қазасынан кейін екі жылдан соң қайтыс болады. Қайтыс болған соң, денесі кремацияланды, мәйіті Мәскеудағы Қызыл алаңның Кремль қабырғасында сауытта орналастырылды. Кремациядан бұрын М.Горькийдің миы алынып, Мәскеулық Ми Институтынан ары қарайғы зерттеуге қойылады.
Горький мен оның ұлының қайтыс болу себебі көпшіліктің «сезікті», шындығы анықталмаған уландырды деген сыбыстар шықты. Жерлеу рәсімінде басқалармен қатар Горькийдің мәйітін Молотов пен Сталин алып жүрді. Генрих Ягоданы басқа да тағылған айыптарымен бірге 1938 жылы Үшінші Мәскеу үрдісінде Горкийдің ұлын уландырды деген айып тағылды. Ягодадан жауап алу келісімінде Максим Горькийді Троцкий бұйрығымен өлтірілді, ал Горькийдің ұлы Максим Пешковті өлтіру өзінің иницитивасы болғанын айтты. Кейбір басылымдарда Горький өліміне Сталинді айыптайды. Медициналық жағының маңызды прецеденті «дәрігерлік ісінде» сотқа тартылғандар арасында үш дәрігер болған (Казаков, Левин және Плетнёв) Үшініші мәскеулік үрдіс (1938) болды.
Бұдан кейінгі сапарымыз ГИЖ болды, Ілиястың оқыған жері. Баяғыдағы ГИЖ бүгінде М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрамындағы журналистика факультеті ретінде өз жұмысын жалғастырып отыр екен. 1930 жылы ММУ-нің құрамына енген. Біз сол тарихи ғимаратқа барып, бүгінгі ахуалымен таныстық.
Таң ата 8 қыркүйек күні қала шетіндегі Новодевичье зиратына бардық. Бұл зиратта 36 мыңнан астам марқұм жерленген екен. Небір тарихи ұлылар мәңгілік тыныс тапқан жерде қазақ руханиятының жанашыры болған, ұлы дала халқының музыкалық мұрасын зерттеген, ән мен күйін нотаға түсірген композитор, Қазақ ССР-нің Халық әртісі Александр Затаевич те жерленген.
Александр Викторович Затаевич 1869 жылы жиырмасыншы наурыз күні, қазіргі Орёл облысы, Болхов қаласында дүниеге келеді. Алтыншы желтоқсан күні 1936 жылы Мәскеу қаласында дүние салады. Атақты композитор, этнограф, музыка және қоғам қайраткері. Ол алғашқы музыкалық білімін сол Орёл қаласындағы әскери гимназиядан алған. Біраз жыл бойы Варшава консерваториясы жанынан шығатын «Варшава күнделігі» аталатын газетте музыка рецензенті қызметін атқарып, орыс, батыс классиктерінің шығармаларын, сондай-ақ халық музыкасын насихаттаумен айналысқан.
Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жылдардың басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді.
Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В. Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың кең байтақ жеріндегі мекендеген елдің, оның ішіндегі қазақтардың әуендері оның бойын баурап алады, соны мейлінше жан-жақты зерттейді, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын шаршамай аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді. Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген. Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың “Қазақ халқының 1000 әні” (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), “Қазақтың 500 ән-күйі” (1931), “Песни разных народов” (1971), жарияланбаған “Қазақ музыкасының 3-томы” деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классикалық ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық композиторлары мен орындаушыларының шығармаларына берген мінездемелері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. Затаевич жинақтары қазақ халқының кәсіби музыкасының дамуына зор ықпал етті. Аталған жинақтардағы ән мен күйлер қазақтың кәсіби музыкалық жанрлары – опералық, симфониялық, камералық шығармаларында кеңінен пайдаланылды. Осы жинақтардағы ән-күйлерді қазақ композиторларымен бірге С.С. Прокофьев, Н.Я. Мясковский, М.М. Ипполитов-Иванов сынды орыс композиторлары да өз шығармаларында пайдаланды.
Композитор ретінде Затаевич қазақ музыкасының кейбір үлгілеріне фортепиано, аспапты ансамбльдермен қосылып айту үшін көптеген өңдеу жұмыстарын жүргізді. Затаевичтің “Қазақ музыкасы” атты фортепиянолық шығармасы – кәсіби дәрежеде жазылған туынды. Ол 1925 – 27 жылдары фортепиянолық пьесалар циклін жазды. Соның нәтижесінде “Халық тақырыбына жазылған миниатюралары” (1925), “Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепианоға арналған пьесалары” (1927) жарық көрді.
Қазақ халқының музыка мұрасын сақтап келген 500-ге жуық өнерпаздар – Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, М.Бөкейханов пен Н.Бөкейханов, Ғ.Мұхитов пен Ш.Мұхитов, ғылым қайраткерлері Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев, М.Бөжеев, әдебиет және өнер қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, Ж.Шанин, т.б. өздері білетін ән, күйлерді Затаевичке айтып, жаздырды (“Затаевичтің корреспонденттері”). Затаевич Қазақтың фольклорының жиналу дәстүрін қалыптастырып, одан әрі жалғастыруда А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамиди және басқалардың еңбектері орасан зор.
Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 ж. аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, Александр Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді.
Оның 1925 жылы Мәскеуде «Қазақ халқының 1000 әні» және 1933 жылы «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты.
Александр Затаевич 1936 жылы Мәскеу қаласында дүние салған. Оның жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек, ұмытылмақ емес.
Александр Затаевичтің қазақ даласына келіп, ән-күйді хатқа түсіруіне себепкер болған Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіров болатын. Мыңнан астам сан ғасырлық музыкалық мұраны хатқа түсіріп, сақтап қалған өнертанушының рухына тағзым етіп, қабіріне бардық. Қабір басын арамшөп басып, қараусыз-ақ қалған екен. Биыл бұл тұлғаның 150 жылдық мерейтойы еді. Оның тойы Қазақстанның көптеген кітапханаларында аталып та өтті. Оның мерейтойы Мәдениет және спорт министрлігінің атаулы оқиғалар жылнамасына енген-ді. Бірақ, Ресей бұл кісіні ұмытса керек. Ұлты басқа болса да бөтен халықтың өміріне өзінің саналы ғұмырын арнап, сол халықтың игілігі үшін қызмет ететін адамдар болады. Затаевич сол санатқа жататын азамат. Ілияс Александр Затаевичпен танысқанда оған Жетісу өңірінің халықтық дәстүрлі музыкасы туралы мәлімет айтып, ескі заманнан жеткен музыкалық мұраларды домбырада ойнап та көрсеткен. Индустрия, нанотехнология дамымаған заманда табанынан тозып, ат терлетіп, сайын даланы аралаған өнер зерттеушісі еңбегіне ақы-пұл сұрамай, қазақтың келешегі үшін қажыр-қайратын жұмсаған. Оның сондай көл-көсір еңбегін ескеріп, руханиятымызға қосқан мол мұраны бағалап қараусыз қалған бейітінің шөбін жұлып, жан-жағын тазаладық. Гүл шоқтарын қойып, ел атынан басымызды иіп, құрмет көрсеттік. Сұлтанмахмұт Торайғыр “Бір халықтың әні өлсе, әдебиеті жетім қалады” деген екен. Ғасырдан ғасырға әуен боп жеткен сырлы сазды хатқа түсіріп, болашақ үшін нотасын жазуға идея беріп, жол көрсеткен Сәкен еді. Ол кезде Сәкен ағамыз Қазақ үкіметін басқарған 28 жастағы жігіт екен. Сәкен, Ілияс сияқты қазақтың өрімдей жігіттері елі үшін, ұлт мәдениеті үшін орасан зор еңбек етті, өздері істей алмайтын салаға соның қыр-сырын білетін өзге ұлт өкілдерін шақырып, істетті. Фольклорлық мұраға жанашыр бола білді.
Никита Хрущев бастаған кіл советтік биліктің басшылары, саяси интеллигенция жерленген жерде қазақтың Зейнептей қызының бейіті де бар. Зейнеп деген – Алаш қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның қызы, Алаш қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың жары болған атақты совет ғалымы, медицина ғылымдарының докторы, профессор. Сонау 1935 – 1939 жылдар аралығында түсік тастаудың (аборт) проблемасын түбегейлі зерттеп, демографияға, туу көрсеткішіне қаупінің зор екенін айтып, алапат жаңалық ашқан жаңашыл ғалым еді. Бірақ сол кезеңдері ресми бағаланбай, ашқан теориялық жаңалығы мойындалмай қалған-ды. Енді, міне арада сексен жылдан астам уақыт өткенде, ресей ғалымдары оның монографиялық еңбегін бағалап, нөмері 1 оқулық ретінде студенттерге оқытып жатыр. Мәскеудегі Жоғары медицина академиясында тұлғаның атындағы аудитория, лаборатория ашылыпты. Элизаветаның қадірін енді ғана түсінген екен. Өкінішті-ақ! Тірі күнінде “Халық жауының ұрпағы”, “Халық жауының әйелі” ретінде азап шекті. Жалғыз ұлы Ескендір соғыс басталған сәтте-ақ майданға кетіп, 17 жасында қаза тапқан. Әкесінен, жолдасынан, ұлынан тірідей айырылып, өмірден өксіп өтті. Советтік шовинистік биліктің кесірінен. Экспедиция мүшелері қайраткер апамыздың рухына бас иіп, фатиха оқып, дұға еттік. Сол зиратта атағы жер жарған артист Юрий Никулин, Лев Дуров, Людмила Зыкина, Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельцин т.б. адамдардың кремациядан кейінгі күлі осы жерден орын тепкен.
Жұмыс бабымен барғанымызбен, өзіндік әсеріміз аз болмады. Тұтас Қазақстан халқының санындай тұрғыны бар Мәскеу (18 миллионнан астам) бүгінде туристердің ордасына айналған. Мәдениеттілік пен сыпайлылық былай тұрсын, ескі заманның сарқытындай сақталған қаланың көркі түрлі тарихи кезеңнің куәгері ретінде ыстық көрінеді. Сонау патшалық дәуірден бергі екі-үш ғасырлық ғимараттардың қай-қайсысы да сол реңін бұзбай, сол ескі қалпында тұр екен. Турист біткен сол ескі ғимараттарды аралап, тамсанып жүр. Негізінде, әлем халқына жарқыраған ала-құла ғимараттар емес, ескілікті көрсететін ғимараттар, тарихи орындар қызық екен. Мәскеудің әр бұрышы, әр көшесі, әр бульвары әдебиет пен өнер, тарих дерсің тегі. Музей, кітапхана, театр, шіркеу дегендер қадам басқан сайын алдыңнан шығады. Өркениет ошағы, мәдениет қаласы десе артық айтқандық емес. Оған қаланың тазалығы мен халықтың ізеттілігі, қызметіне ыждаҺаттылығы біздерді қайран қалдырды.
Экспедицияның ғылыми құрамы Ресей Мемлекеттік кітапханасының сирек қолжазбалар мен кітаптар қоры бөлімінде белсенді жұмыс істеп, бұрында оқырман жұртшылығына беймәлім құжаттар табылды. Ілияс Жансүгірұлының бірқатар жарияланбаған, ғылыми айналымға түспеген мұраларын да қолға түсірдік. Бұл – әрине зерттеуді, талдауды, сараптауды қажетсінетін ұзақ ғылыми жұмыс процесі. Десек те орасан зор жаңалық деп те сүйіншілеуге болады.
Алдымыздағы жоспарланған бекет – Петербор қаласына да келдік. Бұл қала Ілекеңнің қызмет бабы мен отбасымен жиі-жиі саяхаттап келген сүйікті қаласы болатын. Біз бұл қаладағы Орталық мемлекеттік тарих архивінің, Ресей Ұлттық кітапханасының және Всеволод Рождественскийдің музей қорымен жұмыс істеуге де кірісіп кеттік. Всеволод Рождественский деген кім, Ілиясқа қатысы бар ма дегенге келсек, Всеволод Александрович Рождественский - орыс совет ақыны, Ілияспен қоян-қолтық әдеби салада жұмыс істеген адам, бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударған аудармашы, тіпті Ілияспен фотосуретке түскен адам.
1914 жылы Петербург университетінің сол кездегі тарих-филологиялық факультетіне түсіп, университетте оқып жүргенде 3-курста армия қатарына шақырылды. Алғашқы «Оқушы» атты өлеңі 1910 жылы жарияланды. Оның «Гимназия жылдары», «Жаз», «Алтын ұршық» өлеңдер жинағында акмеистік поэзияның ықпалы байқалды. «Жетіқарақшы», «Гранит бақ» т.б. жинақтарында революцияны қайта құру, бесжылдық құрылыстары жайлы толғады. Ұлы Отан соғысы жылдары «Отан дауысы», «Ладога», «Туысқандық жолдары» жинақтары жарияланды. Соғыстан кейінгі жылдары Ленинградтың өткені мен бүгіні, солтүстіктің табиғатын жырлады. "Өмір беттері" атты мемуаралық кітабы бар. "Помпадурлар", "Декабристер", "Жасаусыз қалыңдық", "Декабристер" операларының либреттосын жазған.
Оның «Жетіқарақшы», «Гранит бақ», «Отан даусы», «Ладога», «Туысқандық жолдары» атты жыр жинақтары, «Өмір мектебі» мемуарлық кітабы, «Помпадурлар», «Декабристер» және «Жасаусыз қалыңдық» операларының либреттолары оқырман қауымға кеңінен таныс.
Ақын қазақ әдебиетінің классиктері Iлияс Жансүгіров басқа Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, шығармаларына ерекше көңіл бөлді. Всеволод Рождественский 1939 жылы Абайдың: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Осы қымыз қазаққа...», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл...», «Қиыстырып мақтайсың...» атты өлеңдерін орыс тіліне аударып, «Звезда» журналының 10-11 - санында жариялады. Ол бұдан кейін әр жылдары Абайдың «Қыс», «Бір дәурен кемді күнге-бозбалалық...», «Болыс болдым, мінеки...», «Өзгеге, көңілім, тоярсың...», «Менсінбеуші ем наданды...», «Әсемпаз болма әрнеге...», «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын...», «Құлақтан кіріп бойды алар...», «Қуаты оттай бұрқырап...», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Ысытқан, суытқан...», «Білектей арқасында ерген бұрым...», «Лай суға май бітпес қой өткенге...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» т. б. өлеңдерін тәржімелеген. Ақынның 1966 жылы «Советский писатель» баспасынан «Ақын кітапханасы» сериясынан жарық керген «Өлеңдер мен дастандар» жинағының жалпы редакциясын басқарды. Абай шығармаларын талдай келе: «Ол бүкіл қазақ өлеңі құрылымын қалыптастыра түсті, шумақтың жаңа түрлерін енгізді, жаңа ұйқас әкелді» деп, ақынның жаңашылдығын атап көрсетті. Рождественскийдың өзі де ұлы ақынның рухына арнаған «Абай ауыл арасында» өлеңін «Жұлдыз» журналының 1964 жылғы 10-санында, «Батар күннің зымырап артқан кезде қарқыны...», «Жусан басқан төбенің...» деген өлеңдерін «Қазақ әдебиеті» газетінің 1972 жылғы 31 наурыздағы санында жариялады. Яғни, қазақтың әдебиетіне қалтқысыз қызмет істеген еңбегін қалай ғана қастерлемессің!
Мұратбек Иманғазинов, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, филология ғылымының докторы, профессор.
Пікір қалдыру