Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев азаттықтың алғашқы жылдарынан білім саласын дамыту мәселесіне айрықша назар аударып, бұл бағытта баянды бағдарламалардың қабылдануына, кешенді шаралардың қолға алынуына ықпал етіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ұрпақ тәрбиесіне жан-жақты көңіл бөліп, Үкіметке нақты тапсырмалар беруде. Президент «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстан тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында да салаға серпіліс сыйлайтын қадау-қадау міндеттерді айқындады.
2017-2018 оқу жылында «Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде Сарысу ауданындағы шағын жинақталған мектептер арасында ең жоғары көрсеткішке ие болған Жарылқасын Отарбаев атындағы орта мектебі облыстан «Ең үздік шағын жинақталған мектеп» номинациясы бойынша марапатталса, ауданда «Инновациялық режиміндегі мектеп» номинациясын Мұхтар Әуезов атындағы мектеп-гимназиясы иеленді.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі басым бағыттарының бірі – жаңаша инновациялық көптілді білім беру моделін құру болып табылады. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы тілдерді еркін меңгеру сұранысын жоғарылатып, теориялық және практикалық білімді терең де сапалы меңгеру шеберлігі мен дағдысын талап етіп отыр. Үш тілде білім беруге көшуде қазіргі таңда аудан бойынша С1 деңгейін 3 мұғалім, В1, В2 деңгейлік курсын 29 мұғалім, А1,А2 деңгейін аяқтаған 18 педагог оқып, барлығы 50 педагог тілдік курсынан өтіп, өз білімдерін жетілдірсе, 2019 жылдың 25 ақпан мен 20 қараша аралығында А1,А2,В1,В2 деңгейін 29 педагог оқып жатыр.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жаратылыстану пәндері (химия, биология, физика, информатика) бойынша 13 мектептің курстан өтіп келген 21 мұғалім 8-ші сыныптарда 328 оқушыға инвариативті сағаттар есебінен ағылшын тілінде сабақ беруде. А1, А2 деңгейін бітірген 29 мұғалім 5-8 сыныптар аралығында 29 сыныпта 427 оқушыға таңдау пәні есебінен сабақ береді. Барлығы 755 оқушы қамтылды.
Бала жанының бағбаны аталатын ұстаздар қауымына жүктелетін міндет пен заманауи талап та күннен-күнге артып отыр. Қазіргі заманауи педагог – сын тұрғысынан ойлайтын, теориялық білімі терең, оқытудың қазіргі заманғы әдістерін жетік білетін, сандық технологиялар мен интернет-ресурстарды еркін меңгерген жаңа қоғамның ұстазы. Ұстаздық шеберлігін жетілдіру мақсатында Сарысулық мұғалімдер үнемі ізденіс үстінде. Қазіргі таңда 1030 педагог жаңартылған мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде: 33 мектеп үйлестірушілері, 27 мектеп басшылары, 45 директордың орынбасары, 86 мектеп тренері, 839 пән мұғалімі.
2013-2018 жылдар аралығында (9 айлық) мектеп басшыларының біліктілікті арттыру курсын аяқтаған 21 директор, 1 директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары оқып келді. Қазіргі таңда 2019 жылдың 21 қаңтар мен 27 желтоқсан аралығында 2 директор мектеп басшыларының біліктілікті арттыру курсында өз білімдерін жетілдіруде.
Пікір қалдыру