Астана халықаралық қаржы орталығы Қазақстанға не береді?

/image/2019/10/13/crop-7_6_1484x1979_ortalyq.jpg

Айта кету керек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 70-қадамында Қазақстанда халықаралық қаржы орталығын құру қажеттілігі атап көрсетілді. Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған бұл бағдарлама шындығында алдағы жылдарға арналған бағдаршам іспетті болды. Бұл таяудағы болашақтың құжаты десек те болады. Осы 100 нақты қадамның негізінде қаншама заңдар шықты, құжаттар қабылданды. Ал біз сөз еткелі отырған 70- қадамда не айтылды? Мұнда Астана қаржы орталығын құру мәселесі көтерілген. Оны арнайы заңмен бекіту және және судьялардың шетелдік мамандардан тағайындалатыны атап көрсетіледі. Қысқашалап айтқанда, Ұлт жоспарының 70 қадамында атап көрсетілген міндеттердің бірсыпырасы осы. Сараптап қарасақ, бір ғана қадамның астарында бірнеше және өте күрделі міндеттер жатыр. Бірақ аз уақыт өтпей осы аталған міндеттердің барлығы да орындалды. 2018 жылдың қаңтар айында халықаралық қаржы орталығы өз жұмысын бастады.  Оның салтанатты ашылу рәсімі Астана күні қарсаңында өтті. Оған Елбасы қатысты. Еліміздің тұңғыш президенті аталған орталық  Қазақстан тарихының жаңа кезеңінің бастауы болатынын айта отырып, мұның ел экономикасына үлкен инвестиция әкелетінін де жасырмады. Өз сөзінде Елбасы бұл орталықтың негізгі қаржы хабына айналуы қажеттілігіне тоқталды. Осыдан келетін бір сауал, Астана қаржы орталығының ерекшелігі неде, ол Қазақстанға не береді?

  1. Ол арнайы заңмен бекітіледі.
  2. Ағылшын тілі ресми болады.

3.Орталықтың қызметіне қатысушыларға салықтық жеңілдіктер беріледі. Сондай-ақ басқа да жеңілдіктер қарастырылған.

  1. Өз заңы бар тәуелсіз сот жүйесі құрылады.
  2. Ол ағылшындық құқық қағидаттарымен қызмет і стейтін болады.
  3. Мұнда судьялар тек шетелдік мамандар болады.
  4. Орталықта инновациялық қаржы технологияларын дамыту үшін тиімді орта қалыптасады.
  5. Капитал нарығы дамиды және мұнда жеке тұлғалардың да қаржысы басқарылады.
  6. Астана қаржы орталығының құрылуы халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанға деген сенімін арттыруға ықпалын тигізеді.
  7. Аталған қаржы орталығы әлемдегі жетекші қаржы орталықтарының тәжірибесін жете зерттеп барып ашылған. Тағы бір айта кететін бір жайт, Астана халықаралық қаржы орталығы еліміздегі инвестициялық жағдайды қолайлы етеді, сонымен қатар Қазақстанға сырт елден қаржы тартуға көп жағымды ықпалын тигізеді.Осы жерде туатын тағы бір сауал; 70 – қадамда атап көрсетілгендей, орталық неге ағылшын қағидаттарымен жұмыс істейді? Мұның себебі неде? Әлемде халықаралық төлқұжаттар немесе келісімдер негізінен ағылшын тілінде жасалады. Сондықтан да осы тілде жұмыс істеу және іс қағаздарын әлемге түсінікті ортақ ағылшын тілінде жүргізу маңызды. Оның үстіне орталық тәуелсіз. Қазақстандағы басқа тиісті органдарға бағынбайды. Оның жұмысы негізінен «Астана» халықаралық қаржы орталығы» заңының негізінде жүзеге асырылады. Орталықтың Қазақстанның мемлекеттік органдарынан тәуелсіз екенін айта кеткен жөн шығар. Жалпы өткен тарихқа немесе қаржы нарығына көз салатын болсақ, әлемде осы ағылшын қағидаттарымен жұмыс істейтін орталық санаулы-ақ. Қарапайым тілмен айтар болсақ, Астана халықаралық қаржы орталығының ресми тілі - ағылшын тілі. Әрине, қаржы орталығы тәуелсіз болғанымен, оның да біздің елімізге пайдасы барын айттық. Алдымен ел экономикасының одан ары дамуына септігін тигізеді. Оның үстіне елімізді бүкіл әлем танып біледі. Астана орталығы халықаралық деңгейдегі қаржы операцияларына қатыса алады. Қазақстанның қаржы нарығына немесе ел экономикасына сырттан қомақты капитал келеді. Аталған орталықтың қалыпты жұмыс істеуіне қандай кепілдік бар. Біріншіден, аталған орталықты құру туралы Елбасы қол қойған Конституциялық заң бар.

Екіншіден, бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағындағы тілі ағылшын, өзі ағылшындық мәртебеге ие болған орталық.

Үшіншіден, орталықта жұмыс істейтін шетелдік мамандарға Қазақстан аумағында 5 жылға дейін виза беріледі. Олар қайта-қайта уақытын немесе мерзімін создырып отырмайды.

Төртіншіден, осы орталық арқылы Қазақстанның құнды қағаздар нарығы, сақтандыру саласы дамиды, елге инвестиция тартылады.

Бесіншіден, төрткүл дүниенің әр шалғайынан егер  келісімшартта даулы нәрселер  орын алып жатса, талап арыз жазуға болады. Оны орталықтағы судьялар қарайды. Қазір интернет дамыған кезде оны орындау да қиын емес. Өйткені мұнда сот өкілдері жұмыс істейді, яғни орталықтағы 9 судья кез келген даулы мәселені шеше алады немесе түйткілді жағдайды шешуге септігін тигізеді.

Алтыншыдан, әлемдегі пайыздық үстемесі өте аз исламдық қаржы институтын дамытуға мүмкіндік мол.

Мамандардың бағалауына қарағанда, Астана халықаралық қаржы орталығы аймақтағы ең ірі қаржы орталығына  айналады. Мұнда жаңадан мыңдаған жұмыс орны ашылды. Бұл әрине ағылшын тілін білетін және еркін сөйлей алатын қазақстандық мамандар мен жас түлектер үшін үлкен мектеп болмақ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар