Цифрлық орталықтардың тиімділігі мол

/image/2019/10/17/crop-16_16_512x910_1537784342860.jpg

Елбасы ұсынған «Цифрлы Қазақстан-2020» бағдарламасы кітапхана саласында да өз нәтижесін беруде. Оның жарқын жемісін Әулиеата өңірінен де айқын аңғаруға болады. Мысалы, аймақтағы кітапханаларда бүгінге дейін 130 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылған. Оларды пайдаланушыра қатары да күннен күнге көбейіп келеді. Ш. Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Жанат Жетпісбаеваның айтуынша, бүгінде жалпы 112 цифрландырылған ақпараттық орталықты пайдаланушылар саны 85662 адамға жеткен.

–Пайдаланушылардың түрлі бағыттағы 71732 сұранысы Интернет желісі арқылы қанағаттандырылды. 20 мыңнан аса сұраныс – қала тұрғындарынан түссе, ауыл тұрғындарының 52 мыңға жуық сұранысын ауылдық кітапханалардағы цифрландырылған ақпараттық орталықтар қызметкерлері жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз еткен.

Ақпараттық орталықтарда «cao-zhambyl» сайты арқылы ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысына қажетті ақпараттар, egov.kz порталындағы бірнеше қызмет түрлерін алуға мүмкіндік жасалған. Бүгінгі күні орталықтарда 10 мыңнан аса анықтама беріліп, тікелей сайт арқылы 3000-нан астам сұраныс қанағаттандырылды. Мысалы, egov.kz порталы арқылы осы уақытқа дейін 8 қызмет түрі көрсетілсе, бүгінгі таңда бұл қызмет аясы күннен-күнге кеңейтіліп, қызмет түрі 13-ге жетті. 10649 анықтаманың басым бөлігі: 6054 - мекен-жайлық, 1337 - зейнетақы қоры, 1013 - сотталған немесе сотталмаған туралы (бар/жоқ) анықтамалар,-дейді Жанат Қалмағанбетқызы.

Ал, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өткен жылы аудандық орталық кітапхана, Айшабибі, Гродеково, Тастөбе, Ерназар, Бесағаш, Тоғызтарау ауылдық кітапханаларында 7 цифрландырылған ақпараттық орталық ашылса, биыл тағы 5 цифрландырылған ақпараттық орталық пайладануға беліліп отыр. Атап айтқанда, Ащыбұлақ ауылдық клубында орналасқан Ащыбұлақ ауылдық кітапханасынан, жеке ғимаратта орналасқан Шайқорық ауылдық кітапханасынан, Бектөбе ауылдық мәдениет үйінде орналасқан Бектөбе ауылдық кітапханасынан, Еңбек ауылдық клубында орналасқан Еңбек ауылдық кітапханасынан, Бірлесу-Еңбек ауылдық клубында орналасқан Бірлесу-Еңбек ауылдық кітапханасынан цифрландырылған ақпараттық орталығы жұмыс істеуде. Ашылған бұл орталықтар бүгінде ел игілігіне жарап отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар