Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмола облысына іс-сапары барысында «нан бағасын қалыпқа келтіру» туралы айтқан сөздері қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ортада қызу талқыға түскен болатын.
Президент ауылшаруашылығы өкілдерімен кездесуінде айтқан сөздерінен кейін халықтың көкейінде екі сұрақ туғаны да жасырын емес: әуелі, қалыпты нан бағасы қандай болуы керек және нан бағасы қашан қымбаттайды? Бұл сұрақтардың жауабын 365info.kz сайты іздестірген екен. Орыс тіліндегі мақаланы «Қамшы» порталы өз оқырмандарына мемлекеттік тілде ұсынуды жөн көрген.
Жыл сайын мемлекет қазынасынан нан бағасын реттеуге 5,6 миллиард теңге бөлінеді. Негізінен бұл қаржыға мемлекет бидай сатып алады. Сонан кейін аймақтық әкімдіктер наубайлар және ұн дайындайтын цехтармен меморандум жасасады. Бір қарағанда мұндай механизм қолайсыздау болғанымен, бұл халықтың аз қамтылған бөлігі үшін тиімді еді.
Мұқан Әбдиев, ОҚО-лық кәсіпкер:
– Мемлекет нан бағасын реттегенде өндірушілердің проблемаларына назар аудармайды. Бізге әкелінетін тұқымның өзі 45 теңге тұрғанда, нан бағасы қалай 60 теңгеге бағалануы керек? Қымбат нан бағасы халықты нанның қадірін білуге үйретеді. Әйтпесе, қазір желінбей қатып қалған нандарын қоқысқа тастап жүргендер аз ба? Одан қала берді ит, шошқаларын әлеуметтік жеңілдікпен таратылатын нандармен асырап жүргендер де жоқ емес.
Әлеуметтік жеңілдікпен таратылатын нан шошқа үшін әзірлене ме?
Айтпақшы, дәл осы әлеуметтік жеңілдікпен таратылатын нандар мен шошқа мәселесіне тоқтала кеткен депутат Айқын Қоңыров Қазақстанда нан бағасын 300 теңгеге дейін көтеру керек деп еді.
Айқын Қоңыров, депутат:
– Қазір жеке шаруашылығы бар қазақстандықтар әлеуметтік жеңілдікпен таратылатын нандармен үй жануарларын, шошқаларын асырап отыр. Мен аймақтарды аралағанда мұндай жағдайды өз көзіммен көрдім. Әсіресе, шошқа шаруашылығымен айналысатындар үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыға таратылатын нан- таптырмас мал азығы болып отыр. Қалаларда да жағдай оңып тұрған жоқ. Кез келген қоқыс жәшігіне жақындап қарасаңыз, желінбей қалған нан қалдықтары, көгеріп, сасып жатыр. Яғни, халық нанды қоқысқа тастайтындай деңгейге жеткен.
Ол кезде депутатты тек ұн және нан өнімдерін өндірушілер ған емес, ҚР Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков те қолдаған болатын.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауылшаруашылық министрі:
-300 теңге әрине көп. Бірақ депутат Қоңыров бәрін дұрыс айтып отыр. Халықтың аз қамтылған немесе ауқаттыларына бірдей мемлекет есебінен нан әзірлеп берудің қажеттілігі шамалы.
Айтпақшы, ол кезде Асылжан Мамытбеков мырза Қазақстанда 2015 жылдың қыркүйегіне дейін нан бағасы қымбаттамайды деген болатын.
Нан бағасы 300 теңге тұратын күн алыс емес
Қоңыров қоңырсытқаннан кейін Қазақстанда нан бағасы 300 теңгеге дейін көтеріледі деген алып-қашпа әңгімелердің өрбігені де жасырын емес. Былай қарасаңыз, Қазақстанда нан бағасын өсіруге еш негіз жоқ та. Бидай өзімі де өсіріледі. Ұн шығарамыз. Тіпті, сол ұнды экспорттаймыз да. Соның сыртында, 17 млн халықты асырау үшін өндірілетін ұнның 20 пайызы жетіп артылады-мыс. Ал қалған 80 пайызы сыртқа экспортталады.
Осы ретте, Қазақстан мен әлемнің өзге мемлекеттеріндегі нан бағасын салыстырып қарайтын болсақ, бір бөлке нанның құны – Норгевияда 705 теңгеден басталса, АҚШ-та 644 теңге, Оңтүстік Кореада 537 теңге, БАӘ-нде 205 теңге тұрады. Ал Қырымда бір бөлке нанның орташа бағасы – 83 теңгеден сатылады. Қазақстандағы орташа баға – 60/55/45 теңге көлемінде.
Қазақстандық наубайлардың пікірінше, нан бағасының жоғары мөлшері өндірушілерге сапалы әрі құнарлы өнім әзірлеуге мүмкіндік береді. Алайда қымбаттатылған нан – халық сұрасынына ие бола ала ма?
Ал Үкімет нан бағасын реттеуге байланысты қандай шешімге келетіні әзірге белгісіз. Десе де, депутат Қоңыровтың кеңесіне құлақ түруі мүмкін деген сыбыс та жоқ емес.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Пікір қалдыру