АҚШ, Ұлыбритания өкілдері Украинаның және Ресейдің өкілдерімен кездеспек

/uploads/thumbnail/20251125132627973_big.webp

АҚШ ресми өкілі BBC-ге Вашингтон өкілдері бүгін Абу-Дабиде Ресей делегациясымен кездесетінін растады. Бұл кездесу АҚШ қолдаған "бейбіт келісім" жоспарына қатысты бірнеше күнге созылған қызу келіссөздерден кейін өтпек. Жоспар бастапқыда Киев пен Еуропа елдерінің сынына ұшыраған еді.

Алдағы күндері қосымша кездесулер жоспарланып отыр. Сонымен қатар Ұлыбритания премьер-министрі Киир Стармер украиналық одақтастарымен виртуалды кездесу өткізбек.

Ал, өткен түнде Ресейдің Киевке жасаған әуе шабуылдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлады Киев мэрі. Дегенмен, соғысқа нүкте қоюға бағытталған дипломатиялық күш-жігер жалғасып жатқаны хабарланды.

Ресей жағы да Украина жүргізген шабуылдардан зардап шеккенін мәлімдеді: Краснодар және Ростов шекара аймақтарында үш адам қаза болған.

 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар