Осы аптада болған БҰҰ Бас Ассамблеясының жиналысында ғаламдық жылыну тақырыбына баса мән берілді. Бұған дейін ДДСҰ климаттың өзгеруі миллиондаған адамды өлтіретінін мәлімдеген болатын. Ал, Қытай көмір жобаларының тоқтатылатынын жариялаған. Көп өтпей, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде "адамзат ержетіп, Жершарыға келтіріп отырған зияны үшін жауапкершілік алатын уақыт келді" деп мәлімдеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының жиналысында Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон әлем елдері климат өзгерісіне қарсы шараларды тезден қабылдауы тиіс екенін айтты. Джонсон бір айдан кейін әлем елдері басшыларының Ұлыбританияда жиналатынын да мәлімдеді. Төменде оның ғаламдық жылыну тақыры туралы БҰҰ-да сөйлеген сөзі берілді:
"Президент мырза, мәртебелі ханымдар мен мырзалар.
Соңғы 178 миллион жыл ішінде яғни сүтқоректілер алғаш пайда болған кезден басталған қазба қалдықтарды зерттеу сүтқоректілердің кейбір түрлері шамамен бір миллион жыл өмір сүретінін, одан кейін басқа нәрсеге айналатынын немесе жойылып кететінін көрсетеді.
Бізге берілген миллиондаған жылдан адамзат болғанымызға шамамен 200 мың жыл болды.
Басқаша айтқанда, біз әлі де (салыстырмалы түрде) жас баламыз.
Егер миллион жылды 80 жастық бір адамның өмірі десек, онда біз (адамзат) қазір уыздай 16 жастамыз.
Біз тағдырлы кезеңге келдік, біз көлікті қалай басқаруға болатынын білеміз және сусындар шкафын қалай ашуға болатынын білеміз.
Оксфорд философы Тоби Ордтың сөзімен айтқанда "біз өзімізді күрделі проблемаларға душар ететін жастамыз".
Біздің бұл мәселені басқа біреу шешеді деп ойлаймыз, өйткені мәселелерді әрқашан басқа біреулер жасаған.
Адамзаттың жастық шағы аяқталуда.
Біз екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде тек планетамызға ғана емес, өзімізге де зиян келетінін білуге және ержетуге қабілетті екенімізді көрсетуіміз керек.
Адамзаттың ержететін уақыты келді.
Біз ғалымдардың ескертулерін тыңдауымыз керек. Егер сіз ғалымдардың мысалының дұрыстығын дәлелдегіңіз келсе, Ковидке қараңыз. Біз кім екенімізді және не істеп жатқанымызды түсінетін уақыт келді.
Дүние - жұмыртқаның қабығы сияқты атмосферасы бар көгілдір сфера. Ол бұзылмайтын ойыншық емес. Біз оған көңілді ләззат алатын пластикалық ромпер бөлмесі деп қарамауымыз керек.
Біз миллион жыл бойы күн сайын, апта сайын әдемі ғаламшарымызға зиян келтірдік, өмір сүруге жарамсыз қылып жатырмыз, тек (адамзат) үшін ғана емес, басқа да көптеген тіршілік иелері үшін.
Біз температураның көтерілуін шектеуіміз керек - оның қорқынышты әсері осы жазда көрінді - 1,5 градусқа дейін (көтерілді).
Біз кәмелеттік жасқа толғанда бірігуіміз керек.
Біз бірдеңе істей алатындай ержеткенімізді, даналығымыз бар екенін көрсетуіміз керек.
Біз оны істей аламыз.
Тіпті осындай уыздай жас кезімізде біз жел мен судың, күннің таза энергиясын пайдаландық.
Біз энергияны атомның өзінен және сутектен шығардық, және біз бұл энергияны сыйымдылығы жоғары батареяларда, тіпті балқытылған тұзда сақтаудың жолдарын таптық.
Бізде жасыл өнеркәсіптік революцияның құралдары бар, бірақ бізде уақыт өте аз.
Екі күн бұрын Нью -Йоркте біз сессия өткіздік, онда біз климаттың өзгеруі ең жоғары қауіп әкелген елдердің көшбасшыларын тыңдадық: ол елдер Маршалл аралдары, Мальдив аралдары, Бангладеш және басқалар.
Олар дауылдар, су тасқыны туралы айтты, әлем көріп отырған ауа райының төтенше жағдайынан туындаған өрттер туралы айтты.
Біздің әрекетсіздігіміздің салдарынан температураның одан әрі көтерілуі- трагедия.
Егер біз бұрынғы жолмен жүре беретін болсақ, онда осы ғасырдың аяғында температура 2,7 градусқа немесе одан да жоғары көтеріледі.
Мұздықтарға не болатынын айтпағанның өзінде, біз шөлейттенуге, құрғақшылыққа, егін алқаптарының құруына куә боламыз және адамзаттың көшуі, қозғалысы бұрын -соңды болмаған ауқымда болады. Олар күтпеген табиғи құбылыстың немесе апаттың салдарынан емес, біздің кесірімізден болады. Қазір істеп жатқанымыздың салдары болады.
Біздің немерелеріміз біздің кінәлі екенімізді біледі және бізге ескерту жасалғанын біледі. Олар ұрпақ үшін сөйлеуге және әрекет етуге тиісті біздің ұрпақ екенін біледі, бәріне біздің себеп болғанымызды біледі. Олар біздің қандай адамдар екенімізді сұрайды, біз сондай өзімшіл және тар ойлы екенімізді біледі.
Небәрі 40 күннің ішінде бізге міндеттемелерді орындау үшін әлем Глазгоға келуі керек.
Біз температураның көтерілуін тоқтату туралы айтып отырған жоқпыз. Өкінішке орай, бұл кеш, бірақ температураның көтерілуін 1,5 градусқа дейін тежеу (керекпіз).
Бұл дегеніміз, біз осы ғасырдың ортасына қарай көміртегісіз заманға қол жеткізуге кепілдік беруіміз керек.
Егер біз мұны жасай алсақ, бұл таңғажайып сәт болады, өйткені бұл адамзат ғасырлар бойы алғаш рет атмосферадағы көміртегіні көбейітпейтінін, планетаны жылытатын көрінбейтін көрпені қалыңдатпайтынын білдіреді. Қазір мұнда(БҰҰ-да) әлемдік ЖІӨ -нің 70 пайызын құрайтын елдердің бар екендігі керемет (болды).
Бірақ егер біз температураның көтерілуін болдырмайтын болсақ, біз одан әрі тезірек жүруіміз керек. Барлық елдер 2030 жылға қарай айтарлықтай күш салуы қажет және мен мұны төрт бағыт бойынша міндеттемелер қабылдай отырып жасай алатынымызға сенімдімін: Олар көмір, автомобильдер, ақша мен ормандар" деді Борис Джонсон БҰҰ-да.
Көмір тақырыбында Джонсон жасыл технология Ұлыбританияда зиянды шығарындылардың азаюына көмектесетінін , 2024 жылға қарай көмірден электр қуатын шығару тоқтайтынын және толқытай жел қондырғылары арқылы электр шығаратынын айтты.
Джонсон Ұлыбританияның 2030 жылға қарай көмірсутекті қозғалтқыштарын сатуды тоқтатуды көздейтінін, электромобильдер нарығының қарқынды өсуіне қосқан үлесін атап өтті. 2040 жылға қарай тек зиянды шығарылымы жоқ автокөліктердің болуын қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастыққа шақырды.
Ұлыбритания премьер-министрі елдің миллиондаған ағаш отырғызу арқылы су тасқынынан қорғануды күшейтетінін айтып, әлем елдерін 10 миллиард ағаш отырғызуға уәде берген Пәкістаннан үлгі алуға шақырды.
Климаттық қаржыландыруға қатысты Джонсон Ұлыбританияның климаттың өзгеруімен күресу үшін басқа елдерге 11,6 миллиард фунт стерлинг бөлуге міндеттеме алғанын еске салып, Дания мен Америка Құрама Штаттарының қаржылық уәделерін жоғары бағалады. Оның айтуынша, үкіметтердің ұлттық міндеттемелері жеткіліксіз, сонымен қатар жеке сектор халықаралық қаржы институттары арқылы қажетті инвестицияларды тарту үшін қолданылуы керек.
Джонсон мәлімдегендей, климаттың өзгеруімен күресу сияқты инвестициялар миллиондаған жоғары жалақы алатын, жоғары біліктілікке ие мамандарды өмірге әкеледі. Оның айтуынша, стартаптар климаттық дағдарысқа қарсы шешімдер шығаруда.
Ол қазіргі кезде пайдалы технологиялық жетістіктер де дайын екенін айтып, жасыл өнеркәсіптік революция жасай алатын барлық нәрсе бар екенін мәлімдеді.
Пікір қалдыру