Сөзбен салған сурет...
Сонау, бала шақтар келіп есіме,
Ораламын туған жердің кешіне.
Көктем келсе, тауға тартқан малшы ауыл.
Көк белдерді куа етіп көшіне!!
Таңғы ауаның жұтып таза тұнығын,
Қыр самалы өпкен титтй бұрымын.
Балалығы кебежеде қалғыған,
Мен, даланың аңғал мінез қызымын.
Иір - қиыр тау жолдарын шиырлап,
Жетім бота қоңырауын жиі ырғап,
Тау басына күнмен бірге өрмелеп,
Көшкен елге көрінетін ұйір бақ!!
( Амина Адайхан қызы)
Дәл қазір ғана, "Ертегі - біздің балалық" атты Амина Адаиханқызының бір керім өлеңін оқып, ойланып отырмын. Ойланып отырып, терең толғанып отырмын. Қыдыр - қиялым ескі жұртқа, көне қыстауға, ата мекенге аттанып кетті. Оны Аминаның ғажайып өлеңі жетектеп, алысқа бірге ілестіріп алып кетті...
Неге ?
Біреулер , "босқа қыдырып кетіпті" деп ойланар. Біреулер "Бізде бірге барып қайттық" деп қуанар. Біреулер қылқыдап сөз салар, жылтылдап тырқылдап күлер, жыртақтап, мымқылдап қылжаққа айналдырар...
Иә, бұл өмірде, бұл қоғамда бәрі бар, бәрі болар. Оны әркімнің сана сапасына, ар тазалығына , ақындық қармына аманаттадым...уақыт – таразы, оқырман – әділ қазы. Бағасын асықпай бере жатар. Баға күтіп, бармақ санап отыруға уақыт жоқ. Жұқа жүйке көтермейді...
Ел қалай қыдырғанын өзі біледі. Мен, өлеңнің өртеңді жолдарымен бірге өрмелеп, "Болашақ өткен, болашақ өскен туған жердің қоңыр керімсал кешіне келіп тұрмын...
Бір жайлы тымық түн өтті де, рауандап таң да атты. Ару көктемнің , тап - таза , мөп- мөлдір, түп - тұнық ауасын сіміріп, Амина Адаихан , ақын ару қыз жазған туған жерге , ақын ару өскен елге, сүлей сұлу туған өлкеге өлең тармақтарын қанат етіп , жылдам үшып жеттім. Ақын туған далаға тоймсыз көз қыдыртып , боз далаға , боз сағынышпен боз көзбен қарап тұрмын...
Ақын қыз, қандай ғажап жерде, ғалмат дала төсінде дүниеге келген деші. Қабағат сезіммен, алабат шабытпен айналаның бәріне ғашық қарашық ұзатып тұрмын...
Былдыр – былдыр сөйлей бастаған, аяғын апыл-тапыл баса бастаған, тәп-тәтті, сүп - сүйкімді, бал қаймақ бармақтай қыздың титтей бұрмын жібек майда самал сүйіп, түйе қомындағы қобдида қалғып, түйе аяңымен бірге тербеліп, түйелі көшпен, түйе өркешінде, көк белдерді асып кітіп барады. Кәдімгі қазақ көші, қазақ тұрмысы, қазақтың көшпенді өмірі. Көз де , ой да тойяр емес. Қараған сайын қарай бересің. Түпсіз ойға сүңгй бересің.
Таң тамаша таңғалар сурет. Таңғажайып таң нұрындай, таза талантпен салынған көз тоймас картина. Қазақтың көшпенді өмірінің тірі көрнісі, ірі белгісі, крімсал керемет тынысты . Қазақтың ұлы тау - жоталарының қоңыр даласының, тымса тыныш табиғаты.
Анаған көз қыдыртшы.
Түйе қомындағы қобдишадағы бал қыздың, бақытты өмірі , алаңсыз қалғыған, еш уайымыз сәби беинесі, лүп-лүп соққан жүрек тынысы өлең тармақтарына тарамдап сіңіп кеткен. Уыздай болып ұйып қалған. Айнала сұллыққа мүлгіп тынып қалған.
Айтар сөз жоқ.
Көрер көз бар.
Тіптен ғажайып суреткерлік. Жиексіз шеберлік, шертпе шешендік деген осы болар-ау, сірә!?
Суреткерліктің де өлшемі, өлешнің де бөлшегі, дәлдіктің де дәйегі, дәйектің де мәйегі болады ғой. Соның бәрін өз орнына қоя білген. Қарапайым қазақ сөзімен, қара көзімен ғаламат картина сыза білген. Бояуын қандырып, жетілдіріп, желпіндіріп жетелі жеткізе білген. Бекзат беинемен бебеулетіп бейнелей білген.
Қараңызшы, көз арбайтын көркемдік кеңістік жасаған. ойдан ой туғызып, ойды жетелейтін мың сан бояулмен оқырман жүрегін жеп - жеңіл жаулай білген.
" Ақын" деп, " Ақындық" деп осыны айтады.
Бал дидар, бал баланың бақытты қалғыған беинесін көріп тұрсыз. Тырнақтай қыздың көш керуеніндегі уыз ұйқысымен - ақ, ұланғайыр даланың ұлы суретін, өте әдемі өлең жолымен өре салған. Керім даланың келісті келбетін келістіріп сыза салған. Көз тоймас көктем жайлауының көркін көз алдыға дөңгелентіп әкеле қойған. Бұл ақын шеберлігі, ақын суреткерлігі деп таныған үстіне тану қажет.
Бұған иланбасқа, мойындамасқа болмас. Басына көк шеге қақса түсінбейтін бітеу бас, маубас болмаса... Сезімі бар, қиялы тірі, ойы ірі , ақын жанды, дала мінезді, дара бітімді қазақ азаматтары мен азаматшалары өлеңді бей жай, селқос оқымайды. Көзіне көп көрністі түнетіп, көңіліне көркем сыр ұялатып оқыйды.
Бұл өлеңнің тұла бойы түнып тұрған шындық. Тірі сурет, қыймыл қозғалыс, әдепті әрекет. Дәстүрлі дүние танымға қорылған оқиға.
Шындық қана емес, өнегелі өлеңді, өрнекті беинені қалай жазуға, қалай сыйпаттауға берілен керемет жауап. Өлең тілін қалай қолдану керек екеніне жасалған тамаша ұсыныс. Өлең сөз өнеріндегі үлгі мен өнеге деп таныған абзал болар.
Ақын қыз, бал кез, бала дәурені өткен жерді, еркелетіп өсірген елді, бай бақытты, алтын бесік даланы тұтас айтып, қопара қазып, қотара жазып шимайламайды, қызық қиырға ,күрделі шыиырға басып шаршамайды. Тұнып тұрған ту даланың Тобылғысы мен Сексеуілінің атын ғана атап, содан күллі қазақ даласының сылқым сұлу суретін жасай салады. Сосын адам жанының сағынышқа толы психикалық терең ирімдеріне ұялаған сағыныш сезіміне селкеу түсіріп алмай, көп айтып көбіршітпей, аз айтып, саз айтып ,наздана айтып бір - екі тармақ өлең жолына сыйғыза сызып дүп жеткізіп, өз тұғырына қондыра қояды. Сонысымен - ақ , көңілді балқытып, қиялды шалқытып жібереді.
Мұндай сезім сырын шұғылалы шуақ нұрға бөлеген, өлең тармақтарын оқыған оқырманы да, жаны жай тауып, рахат сезімге кенеледі. Бір ауық ауыр ойдан сергіп, көңіл күйі көктедей түрленіп, көтеріліп қалады. Өлеңді де қайта қайра оқып өте терең лаззат алады.
Өлеңнің көркемдік көкжиегі тым кең, ұлттық тынысы да, шалқар ұғымдарға құрылған. Өлең сонша қарапайым, бірақ сонша сұлу жыр, сонша мөлдір сыр. Өлеңнің мәні де, мәйегі де өте ұғымды. Жат сөз, бөгде, бөтен ой жоқ. Ару ақын сөз ұғымды болмай, оқырманға жұғымды болмайтынын әу баста - ақ түсінеген.
Ары қарай ой ұзатыңызшы, егер , мына далада , осы ғажап тіршілік тынысының суреті болмаса, тәбиғат қанша әдемі , көз сүріндірердей көрікті болса да,
Оған ешкім таңданбас еді, таңдай қақпас еді. Өлі тәбиғатқа қарап тұрып - тұрып, еш лаззат ала алмай, еш әсер таппай, боз көңілмен боз далада , босқа тұрып, бос көңілмен құр қиялмен үйге оралар еді...
Әне, ақын қыз осы жерде сұлу тәбиғатты одан ары құлпырта құбылтып, өзінің балаң кезінің бір жылт еткен сырлы суретін дәл беру арқылы ерен образ жасаған. Сезім бояуын өте қарапайым сөзбен жеткізіп, сол қарапайым сөздің құтты құдіретін ерекше ершімін тізбектеп, ерен беине жасаған.
Өлең деген осы.
Өнер деген де осы.
Осы болғанда да, бұл жай баяндау емес, сөз өнерімен салған сырға толы, шынға толы шыңға айналған сурет. Сымбатты өлеңмен өрілген өнгелі картина деуге болады. Ауыз толтырып мақтана да , мақтап та айтуға қақымыз бар.
Сіз , өлеңді ары қарай оқыи беріңіз . Одан да ғажап, суреттер, жаңа картиналар көз алдыңызда маржандай тізбектеле береді. " Иір - қиыр тау жолдарын шиырлап, жетім бота қоңырауын жиі ырғап, тау басына күнмен бірге өрмелеп " кетіп бара жатады. Мына құбылысты шебер суретші болса, бояуын тауып , орайын келтіріп бір көз тұндырар сурет сыза қойяр еді.
Мә, мына суретке көз қайдан тойсын!! Қазақ көшінің көркем келбеті көз алдыңда сызулы тұр. Сурретші де мұндай дәл, мұндай әсері етіп сызып, дүп келтіріп беинелеп бере алмас - ау!!
Тұтас дала, өлең тілімен, Амина тілімен бебеу қағып сөйлеп тұр. Сымбатты даланың тасы да, тауы да, орманы, гүлі де, ауасы, суы, нуы да, маңыраған малы да, сайраған қүсы да, атқан таңы, батқан күні де өлең көркемдігін көкжиекке көтеріп кетіп барады. көз арбап алысқа, арыға алып барады.
Оған не дейсіз?!
Ұлы көш - "таудан асты, белден түсті. "Көшкен елге көрінбейтін үйір бақ" көрінді. Көшкен ел көктем жайлауындағы құтты қоныс, төлдеуліке жетті. Қара қостың құлағын қалқитып тікті. Керім кешкі шақ . Тіптен малшы ауылы думанға бөлінді де кетті. Сайын далада сайран өмір басталады. Қой жамырайды, қозы шулады, ақшамда бар атырап, ғажап тіршілік тынсына толды. Төрт түлік малдың дыбысы төрткүл дүниені көзайм көрніскке айналып жіберді...
Гүл көктемнің күні де, түні де түп - түгел дүрбірлеген тіршілікке, мәнді өмір тынысына айналып та кетті. "Қара қостың құлағы едірейіп, моржасынан түніні қалқып тұрды " Өрістен қой қайрып, жылқы құрайлаған жігіттің дауысы еміс - еміс естілді. Бір керемет әнге салды. Ол ән ғажап сезімді оятты. Сай салалар жылғаларға жуынып, күнгей беттің қары қашып көлеңкеге тығылды. Астауымен анасы қарды қопарды. Сол қопарған қар сықырынан қыз тәтті ұйқыдан оянды. қар астынан шұғынық та жарыса оянды.
Міне , шешедестіру , кейіптеу деген көркемдегіш тәсілдер , күміс теңгедей сыңғыр қағып, өлең өректерін одан ары құбыла құлпыртып жіберген. Үйде қыз оянды, жүзде шұғынық оянды. Қандай ғажап Параллелизм деші!?
Төлдеулікке тіреп аттың тұмсығын,
Күтетұғын гүл көктемнің күн - түнін.
Қой жамырап, қозы шулап ақшада,
Шарпитұғын шартарапты тілсім үн!!
Қара қостың едірейіп құлағы,
Моржасынан түнін қалқып тұрады.
Қой қайрып құрғайлаған жігіттің,
Еміс - еміс естілетін бір әні.
( Амина Адайхан қызы)
Ойлану басқа, ояну үлкен құбылыс.
Қыз оянды. Оянғанда да, сері жігіттің жылқы қайрып, қой айдап сетерлете салған шекердей тәтті дауысынан, әсем әнінен оянды. Асқар тауды сүйді, арлы азаматты қастерлеп оянды. Бәрінен кереметі, керекті дерегі басқа жерде емес, тау қойнындағы құлағы едірейген қара қоста оянды.
Жәй, оянған жоқ, сылқым сезіммен оянды.
Тәркі етпеген , тадыр жүгін тәңірі,
Тауды сүйем, тау - тамаша, тау - ұлы.
От жүректі өртеп жүрген әлі күн,
Тобылғы мен сексеуілдің жалыны.
( Амина Адайханқызы)
Тобылғы мен Сексеуілдің шоғындай, жалыны мен қызуындай өшпес сезіммен сергіп оянды. Жүрегі лүпіп , сезімі сенімге толып оянды.
Бұл әлей сурет.
Әдемі бейне. Қайталанбас хас қаламгердің сүлей қаламынан туған қазақ картинасы.
Мұны біздің , қоңыр мінезді, қоңыр дауысты, қоңыр өлеңді , қоңыр тауда өскен, қоңыр мұңды ақын арумыз, үндемей жүріп, айқайламай жүріп, бір ғана өлеңге сыйғызды да сыза салды. ақырын басып, анық жазатын Амина ақын , ақын ару. Өлеңі қандай сұлу болса, өзі де, жан жүрегі де , дәл сондай сұлу. Сезімі қандай мөлдір болса, өмірі мен өнері де , дәл сондай мөлдір.
Иә, өлең . Өлең болғанда да, қоңыр сырмен өрілген, қоңыр мұңмен сезінген , қоңыр сөзбен кестеленген өрсі бйік , өгегісі күшті қоңыр өлең. Қазақтың ғасырлық ғұмырының жоқ , күллі көшпенді өмірінің ең қысқа, ең нұсқа сырға шомған сөз суретімен сызылған өлең. Ұлы даланың бөрте төсінде туып, тұтас рухын дархан дала байлығына балқытып өскен ақын арудың өлеңі. Сіз тыңдаңызшы:
Дала өзі үйретнтін даналық,
Ертегі екен шіркін, біздің бплалық.
Сан қайталап айтсамдағы әңгіме,
Түсінбей жүр, құлындарым - қалалық!
( Амина Адаиханқызы)
Амина, ғажайып даладан ғажап білім алды. Өлмес өнеге алды. Сөйтіп, алған өнегесін өлеңге айналдырды. Сосын өзі де өзгеге де өнер тағылмын емізе білді. Осы өлеңінде бір кілт еткізіп айтқан назы бар. Ол – төрт там күзеткен, төбесін бекіткен қалалыққа әңгімесін ұқтыралмай, дала тағызымын сана саңлауынан мүмкіндік тауып құя алмай, мұңайған бейнесін жыт еткізеді. Сол жыт еткен сөзге қалалық мінездің мінді тұсынын тұсап тұрып көрсете салады. Бұл бұхардай ащы шындық. Оны бұлқынып, буланып, бұлданып айтпайды. Ерке сөзбен еркелетіп, сылаң қақтырып жеп - жеңіл жеткізе салады. Бұл өте үлкен шеберлік деуге болады. Тіс қаққан, том-том өлең өргізіп, атақтың өр биігінде жүрген қақсал қаламгерлердің де, марғасқа қаламынына ілдіре бермейтін шындық, өте нәзік назды шеберлік.
Амина, қарындас саған толағай шығармашылық жетістіктер тілеймін!!
Шеберлікте шек жоқ. Теңізді тамшысынан таны деген ғой. Мен, өз ойымды хатқа түсіріп, ортаға ұзаттым!!
Болат Бопайұлы
24.01.2023 .ж. Алматы.
Пікір қалдыру