Украина президенті Владимир Зеленский Жеңіс күнін 9 мамырдан 8 мамырға ауыстыратын жарлыққа қол қойды.
Жарлық бойынша, совет кезінен бері Жеңіс күні аталып келе жатқан мереке бұдан былай "1939-1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыста нацизмді жеңген күн және еске алу күні" деп аталады, демалыс күні болады. 9 мамыр жұмыс күні саналады, алайда бұл күнді "Еуропа күні" деп атап өтеді.
Зеленский бұған дейін Жеңіс күнінің атауы мен уақытын өзгерту туралы ұсыныс жасағанда "әлемнің көптеген халқы 8 мамырды нацизмді жеңген күн ретінде еске алатынын, өйткені 8 мамырда вермахт сөзсіз капитуляция туралы қол қойған акт күшіне енгенін" айтқан.
Зеленский "Бұл – жалпы Еуропа дәстүрі, Украина бұл күнді өркениетті елдермен бірге атап өтуге тиіс" деген болатын. Батыс Еуропа мен АҚШ гитлерлік Германияның жеңген күн ретінде 8 мамырды, ал постсоветтік елдер мен Шығыс Еуропаның кейбір елдері 9 мамырды белгілеген.
Дереккөз: Азаттық радиосы
Пікір қалдыру