Отбасы банкі азаматтарға өз ақшасын өздеріне пайызбен беріп отыр - депутат

/image/2024/02/29/crop-60_0_720x960_2463614762e4c8a0bd8105700cec6b17_1280x720.jpg

 Депутат отбасы банкінің адамға өз ақшасын өсіммен беру және сол үшін қосымша банк комиссиясын төлету қаншалықты әділетті болатынын айтты.

- Бүгінгі күні «Отбасы Банкі» несие беру кезінде клиент қажетті соманың 50%-ын дереу әкелгеніне немесе депозитке жинақтағанына қарамастан, банк несие береді және барлық сомаға пайыздық мөлшерлеме алады. Мысалы, клиент 10 миллион теңге әкелсе, банк оған 10 миллион теңге береді, сыйақы мөлшерлемесі 20 миллион теңге болып есептеледі, - деді Ислам Сұңқар сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында.

   Сондай-ақ ол банктегі салымшылардың наразылығына олар ақшаның депозитте болатынын, депозиттен пайыздық мөлшерлеме алынатынын және мемлекет сыйақысының барын айтып құтылады дейді.

   - Біз бұл жай ғана қаржылық айлалар деп есептейміз. Өйткені, шарт бойынша бұл салымның сыйақы мөлшерлемесі жылына небәрі 2 пайызды құрайтынын, ал мемлекеттік сыйақы 200 АЕК-тен аспайтын шектеулі мөлшерде алынатынын көріп отырмыз. Біз 2023 жылы ең үлкен кірістердің бірі – 107,5 млрд. теңге алған «Отбасы банкі» АҚ-ын қарадық. Ақша кімнің пайдасында? Адамдардың ба, әлде банктің бе? – деді депутат.

    Мәжілісмен «Отбасы банкінде» тұрғын үй құнының 100% мөлшерінде сыйақыны есептеуді қайта қарауды ұсынды. Тұрғын үй сатып алу және Қазақстанда реттеудің нақты ережелері бар несие-жинақ кооперативтерін құру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар