"Қазарнаулыэкспорт" РМК басшысы ұсталды

/image/2024/02/29/crop-194_6_444x592_kma.webp

"Қазарнаулыэкспорт" РМК Бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"2024 жылы 23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша "Қазарнаулыэкспорт" РМК Бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды", делінген агенттік хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайтыны да нақтыланады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар