Экономиканың дамуын, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту, сауда-экономикалық ынтымақтастық, қазақстандық өнімнің сапасын арттыру, ұлттық экспорттаушыларды дамыту мақсатында Алматы аласында жоғары деңгейде жұмыстар атқарылып келеді.
Мегаполисте биыл экспорт көлемін ұлғайтуға қатысты қала әкімі Ерболат Досаев Оңтүстік Кореяның Чунчоннам-до провинцитясының губернаторы Ким Тхе Хыммен кездесті. Кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан-Корей қатынастары стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейде екенін айта отырып, Оңтүстік Корея Қазақстан экономикасындағы жетекші шетелдік инвесторлардың бірі болып табылатынынын да сөз етті. Яғни, 2005 жылдан бері инвестиция бойынша шамамен 9,5 миллиард АҚШ доллары тартылған. Алматы мен Корея Республикасы арасындағы тауар айналымы да қарқынды өсіп келеді. Былтыр бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда 21 пайызға едәуір артып, 1,27 миллиард АҚШ долларын құраған болатын.
Сондай-ақ мегаполисте Оңтүстік Корея капиталымен байланыса отырып, 537 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Ал жалпы Қазақстан бойынша жеті жүз отыз бес кәсіпорын бар. Атап айтсақ, Корея мемлекетінен Samsung, KIA, Hyundai, LG, SsangYong, Lotte секілді тағы басқа ірі компаниялар ұсынылып келеді.
Жиын барысында Кореяның Чунчоннам-до провинцитясының губернаторы Ким Тхэ Хым Ерболат Досаевқа қонақжайлылығы үшін алғысын білдіре отырып, қазақ және корей халық арасындағы терең тарихи байланыстарды атады. Ким Тхэ Хым этникалық корей халқының Қазақстанға қиын кезеңінде қоныс аударуынына байланысты көрсетілген қолдауларды айта отырып, бұдан кейін де әріптестікті нығайтуға қатысты пікірін айтты.
Сонымен қатар Чунчоннам-до провинциясы Оңтүстік Корея экономикасында дамудың ірі локомотиві екендігіне қатысты экспорт көлемі бойынша сауда балансы мен жалпы ішкі өнімге қатыстыаекінші орында тұрғанын айтады. Қазіргі таңда Чунчоннам-до провинциясында электроника, косметика, азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығына қатысты өндірістер дамыған.
Жиын соңында екі тарап ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін зор әлеуетті атап өте отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимыл мен туризм, білім беру, жастарды қолдау салаларын ұлғайту мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді. Бұл Алматы қаласының алға қарай дамуына үлесін қосары анық.
Пікір қалдыру