Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлікті 5 минуттан астам қыздырса, экологияға қандай зиян келетінін айтты.
Бұл норма жалпы заңда бар, бұрын пайдаланылған жоқ. Ереже 20 жылдан астам уақыт бар. Әрине, елді мекендердің экологиялық жағдайын түзеу үшін бостан-бос қызып тұрған көлікті тәртіпке келтіру мәселесін қолдаймыз, - деді министр Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Нысанбаев бұл айыппұл салып, бюджетке түсімді көбейтудің мәселесі емес екенін атап өтті.
Ал бүгінгі болып жатқан жағдай айыппұл салып, бюджетке түсімді көбейтудің мәселесі емес. Жалпы біз мәселелерді жан-жақты қарастырып жатырмыз. Мысалы, Алматы қаласының кіре берістерінде 19 экологиялық пост қойдық. Астана мен Алматының өзінде ғана 600-700 мыңдай тіркелген болса, күніне кіретін көліктің саны 400 мыңнан астам. Соның бәрі экологиялық тұрғыдан қарағанда қозғалтқышы бостан-босқа сөндірілмеген көлік, әрине, қоршаған ортаны ластауға үлес қосады. Сол себептен біз оны екі қолмен қолдаймыз, - дейді Экология министрі.
Пікір қалдыру