Азия ойындары-2025: Қазақстандық шаңғышы қыздар күміс жүлде жеңіп алды

/uploads/thumbnail/20250212124102193_big.webp Ашық дереккөзден

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан бәсекеде шаңғышы қыздар жарысқа түсті. Бұл бағдарламада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.

Қазақстандық спортшылар мәре сызығын 55:24,5 уақытта кесіп өтті. Нәтижесінде күміс жүлдені жеңіп алды. Ал 53:59,3 уақытта келген Қытай құрамасы жарыс жеңімпазы болды. Жапония құрамасы қола медальді иеленді. Олар берілген қашықтыққа 56:38,1 уақыт жұмсады.

Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан және биатлон жарыстарынан  қос алтын жүлде жеңіп алған еді.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар