Риза ЫСҚАҚ
1991 жылдан бастап 2019 жылға дейін қазақ тілі оқулығының елуден астам ресми және бейресми түрлі нұсқалары шыққан еді. Дегенмен, тіл мәселесі әлі де болса өзекті, созылмалы бас ауруы “мигрень” болуын тоқтатар емес. Бұқаралық ақпарат құралдарында (ресми және бейресми) көбісінде тіпті қазақ тілінің болашағы жоқ деген алып-қашпа пікірлер кездеседі және күннен-күнге олардың саны артып келеді.
Бұл публицистикалық еңбектің мақсаты халықты тағы да бір рет шошыту емес. 2030 жылға дейін қазақ тілі сақтала ма, сақталмай ма деген сұраққа осы қысқа сараптамамда жан-жақты жауап беруге тырысып көрейік.
Халықаралық лингвистика ғылымында барлық тілдер үш топқа бөлінеді: жаһандық маңызы бар тілдер (мысалы, ағылшын және қытай т.б.), орташа санаттағы тілдер (мысалы, орыс және неміс тілі т.б.) және жоғалу қауіпі бар тілдер (чукча тілі, алеут-эскимос тілі т.б.). Біздің қазақ тілі осы үш санаттың қайсысына жататынына әлі ешбір ғалым біркелкі жауап бере алмайды. Оптимистік пиғылдағы сарапшылар және пессимистік пиғылдағы сарапшылар өзара таласты жалғастырып келеді.
Біз артық байбаламсыз салқынқанды пікір тудырып көрейік. Біріншіден, Қазақстан Республикасы халық саны шамамен 20 млн адамды құрайды. Бұл аса кішкентай сан емес. Екіншіден, мемлекеттік ата заң бойынша қазақ тілі мемлекеттік тіліміз болып бекітілген, 1989 жылдан бастап заңмен қорғалған. Үшіншіден, кейінгі кезде қазақ тілді білетін жасанды интеллекті жобасы қолға алына бастады.
Дегенмен, үш үлкен қауіп-қатер баршылық. Біріншіден, орыс тілі, ағылшын тілі, қытай тілі және түрік тілі, араб тілі аясы жылдан-жылға кеңейіп келеді. Бұл өскелең ұрпаққа әсер етпеуі мүмкін емес үрдіс. Екіншіден, экономикалвқ мәселелер және дағдарыстар қазақ тілінің имиджіне белгілі бір деңгейде нұқсан келтіруін жалғастырып жатыр. Үшіншіден, қазіргі таңда қазақ әдебиетіндегі, қазақ кино саласындағы, БАҚ-тағы, ғаламтордағы әрі қазақ ғылымындағы жетістіктер саны онша көп емес. Бұл қандай үлкен әлеуметтік қауіп-қатер екені айтпаса да түсінікті.
Қандай қорытынды жасасақ болады? 2030 жылға дейін 5 жыл ғана қалды. Әлбетте, осы уақыттың ішінде қазақ тілі жойылып кетіп үлгермейді. Ал егер жоғарыда аталып өткен мәселелер және басқа да мәселелер алдағы уақыттарда шешіле бастаса, онда қазақ тілінің мәртебесі және қолданылу аясы әлі ұзақ уақыт бойы қауіпсіз даму деңгейінде сақталына алады. Артық байбаламшыл паникерлерге айтарымыз: сіздерге даңқ керек пе, Отан керек пе?!
Даму ол мәселелердің іргетасын тауып, сол деңгейде жұмыс жасау. Яғни, бұл тұста білім беру саласын, өнер және әдебиет саласын, ғылым және технология саласын дамуға кедергі болып отырған мәселелерді, соңғы 34 жыл бойы мигрень болып келе жатқан сұрақтарды жеке тараптан болсын, Үкіметтің тарапынан болсын шеше бастау керек. Ол үшін не істемек керек? Бұл ашық сұрақ.
1997 жылы ескі Қазақстан “Қазақстан-2030” бағдарламасы қабылдаған еді. Бірақ, ол бағдарламаның орындалуын соңына дейін жеткізбей жатып, 2010 жылы “Қазақстан-2050” және “Мәңгілік ел” стратегиялары, одан кейін “Рухани жаңғыру” ұлттық жобасы ұсынылған еді. Нәтижесі қандай?
Жауабы-2022 жылғы қаңтар оқиғасы! Бұндай тарихи олқылықтар қайталанбауы үшін біз “Қазақстан-2100” іспеттес утопиялық жобаларды емес, тактикалық үш жылдық немесе бес жылдық жоспарлау модельіне жартылай емес, толыққанды біратұла көшкеніміз дұрыс болар. Мысалы, қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігі үшін қазақ тілі мектеп оқулықтарын шетелге экспорттаудың еш қажеті жоқ. Ол зияткерлік өнім отандық нарықты толық қамтыса болды және бұл мәселені 2028 жылға дейін шешіп үлгеруі де ғажап емес. Ол үшін жай ғана Президенттің тікелей бақылауында болатын “қазақ тілі жаңаруға лайық” (2025-2028) деп аталатын жоспарын қабылдау керек. Және орындалу үрдісін салық инспекторлары үздіксіз бақылап отыруы керек. Бұндай қысқа мерзімді жоспарға тағы да мамандар жетіспей қалатынына сенбеймін.
Халықаралық және ішкі экономикалық мәселелердің жүгін жеңілдету үшін “2028-2031 қазақ тілі дефолтқа лайықты емес” деп аталатын жоспарын қабылдау керек. Бұл жоспардың орындалуын тек салық инспекциясы ғана емес, барлық күштік құрылымдардың үздіксіз, жіті назарында тұруы керек. Себебі, бұл ұлт болашағы қауіпсіздігінің тікелей мәселесі. 2031-2034 аралығындағы жүзеге асатын “қазақ тілінің халықаралық имиджі жоқ емес” деп аталатын жоспарын да аталмыш мақалада алғаш рет ұсынғанымыз жөн болар. Ол жоспар бойынша шетелдегі қазақ елшіліктерінде жалғыз ғана наурыз тойын бір жылда бір рет қана бөлме ішіне бекініп, намыстанып, қысыла-қысыла ұялып тойлап қоймай, қазақ мәдениетін, тілін, дәстүрін, тарихын және туристік нысандарын барынша насихаттауға көшу керек. Мәселен, жастарды, туристерді оның ішінде шетелде тұратын қазақтарды, инвесторларды келесі шағын-шағын бірақ, қызықты жобалармен тарту керек. Мысалы, “Барсакелмес – Қазақстанның Бермуд ұшбұрышы”, “Тараз қаласы - Қазақстанның астана-емес-статусты Римі және Афинісі”, “Қарағанды қаласы – Қазақстанның өнеркәсіпті Ливерпулі”, “Маңғыстау-Қазақстанның әулие Синай түбегі”, “Cемей-Қазақстанның құрлықтағы Венециясы”, “Петропавл, Павлодар-Қазақстанның Канада ормандары” және тағы басқа. Қазақстан Үкіметі бұл ұсыныстарға назар аударатынына сенеміз.
Наурыз, 2025 жыл,
Астана.
Пікір қалдыру