Жаңа жолдар, мектеп және жұмыс орындары — Алматы қарқынды дамып келеді

/uploads/thumbnail/20251028144259148_big.webp

Алматы экономикалық өсуді қалалық ортаны жақсартумен ұштастыра отырып, қарқынды дамып келеді. Мегаполисте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Биыл қалада қандай өзгерістер бар?  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жыл соңына дейінсквер, аллея және серуен аймағы сынды ондаған қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмысы толық аяқталады. Сонымен қатар көлік инфрақұрылымы жаңартылып жатыр: ұзындығы 264 км болатын 318 көшеде орташа жөндеу басталды. Жоспарланған 35 км жаңа жолдың 25 км-і қолданысқа берілді, ал алты көшеде құрылыс жұмысы жалғасып жатыр.

Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша биыл жылдың басынан бері 26 нысан пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін тағы 30 нысанның құрылысы аяқталады.

Президенттің бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 22 500 орынға арналған 12 жаңа мектеп салынған болатын. Оның жетеуі жаңа оқу жылында ашылды, қалған бесеуі екінші оқу тоқсанында пайдалануға берілетін болады.

2030 жылға дейін 32 жаңа медициналық мекеме салынып, 14 денсаулық сақтау нысанын жаңғырту жоспарланған. Қазіргі уақытта Алматыда 8 медициналық нысанның құрылысы қолға алынған.

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар