Желіде желіп жүрген жаңалықтар көп қой. Бірақ, Лионель Месси бастаған футбол тарландары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (ЕҰУ) жүрге фейкке қатысты елең ете қалғанымыз рас. Әлеуметтік желілер мен интернетте танымалдылық (хайп) жинау үшін жасалған бұл қауесет шындыққа жанаспайды және ресми түрде еш жерде расталмағаны түсінікті.
Бұл фейктің тарауына және оның астарындағы шынайы оқиғаларға мына факторлар себеп болуы мүмкін.
Әлеуметтік желілердегі мұндай жаңалықтар көбінесе оқырмандардың назарын аудару (кликбейт) немесе әзіл-қалжың (сатира) мақсатында таратылады.
Әлеуметтік желілер мен ақпараттық порталдарда ЕҰУ жаңалықтары, Месси бастаған жұлдыздардың "ерігіп" жүруі
оқырмандар арасында түсініспеушілік туғызуы мүмкін . ЕҰУ ректоры тіпті кубок тапсырып жатыр.
Әзіл және кликбейт парақшалары екенін түсінеміз.
Ойдан шығарылған әзіл жаңалықтарды шығару студенттер мен жастар арасында
трендке айналғанын жоққа шығара алмаймыз. Алайда, Еуразия Ұлттық университеті секілді ірі білім ордасына қатысты мұндай "ақпарат" жаңсақ пікірлер туғызуы мүмкін. Сондықтан қадірлі қаламдастар кез-келген жарияланымға сақ болғанымыз абзал.
