ШҚО кәсіпкерлері қызмет саласын өзгертті

/uploads/thumbnail/20171117144130982_small.jpg

Өскеменде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында алғашқы балабақшаның құрылысы бастау алды. Мектепке дейінгі бұл мекеме 250 орынға шамаланған, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО кәсіпкерлері қызмет саласын өзгертті. Олар енді өз қаражатына коммерциялық қана емес, әлеуметтік маңыздағы нысандарды салады. Осы жылдың өзінде кәсіпкерлер Өскемен және Семей қалаларында 4 балабақшаның құрылысы басталмақ. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың пайымдауынша,  бұл үлгіде «бизнес қосымша кірістің мүмкінідігін сезінеді».

Шқо

-  «VKgroup» компаниясы құны 733 миллион теңге болатын 250 орынды балабақшаның құрылысын бастап қойды. Ол біздің «Даму» қорымен бірлскен жобамыз бойынша қаржыландырылады. Бұл жерде, менің ойымша, екі маңызды компонент бар. Біріншісі – бизнес әлеуметтік салаға ауысады. Екіншісі – өзінің ресурстарын сала бастайды. Мемлекеттік-жеке меншік жобаларының тиімділігі айқындалады, - дейді Даниал Ахметов.

ШҚО

Осылайша, ШҚО атқарушы билігі бюджеттен тыс қаражатты белсенді тарту фазасына еніп отыр. Мәселен, бүгінгі таңда Еуразиялық қайта қалпына келтіру және дамыту банкімен 40 млрд. теңгеге келісім-шарт жасалды. Өскемендегі 300 орынды аурухананың құрылысы бойынша жоба да жүзеге асырылуда. Мемлекеттік-жекеменшік жобалары бойынша салынған мектепке дейінгі мекемелер 100 пайыз мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз етіледі

Связанные Статьи