29 Қыркүйек, 2020 NEWS
Фото: ria.ru
Латвия парламенті – сеймнің депутаты Атис Леиньш Latvijas Avize басылымында жарияланған мақаласында "Прогрессивтер" партиясының өкілі Антонина Ненашеваның прибалтика республикаларындағы орыс тілінің маңызды рөлі туралы пікірін айыптады деп жазады ria.ru.
Автор "мұндай мәлімдеме "орыстармен тек орысша сөйлескен" Риганың экс-мэрі Нил Ушаковтан "Прогрессивтер" партиясы эстафетаны қабыл алғанын куәландырады" деп санайды.
Атис Леиньш "орыстармен орысша сөйлесу керек" деген мифті таратпауға және қолдамауға шақырды.
– Біз Ресей губерниясында емес, ұлттық мемлекетте тұрамыз. Мұндай қорлыққа құмарту әдеті неге әлі күнге дейін бар?, – деді Леиньш.
Бүгінде Латвияның мемлекеттік тілі – латыш тілі. Орыс тілі шет тілі деген мәртебеге ие.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір