• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:55:36
Алматы
+12°

Премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов телеграм-каналында экс және қазіргі жоғары лауазымды шенділердің бизнесте жүрген ең табысты балаларының рейтингін жариялады.

Еділов рейтингіне Қазақстанның экс-президенті, Қауіпсіздің кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев пен жиені Нұрали Әлиев енген. Сондай-ақ рейнгтен министрлердің, депутаттардың, құқық қорғау органдары басшыларының, әкімдердің, елшілердің, конституциялық кеңес төрағасының, ұлттық компания төрағаларының, белгілі кәсіпкерлердің ұл-қыздарын көруге болады.

Тізімнің алғашқы сатысына "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының президенті, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев (54 жаста) жайғасқан. Forbes Қазақстан Құлыбаевтың байлығын 2 млрд 900 млн долларға бағалап отыр. Оның әкесі Асқар Құлыбаев 1995-1997 жылдары тұрғын-үй және аумақ құрылысы министрі болған.

Еділов рейтингіне енген табысты тұлғалар тізімі төмендегі фотода ұсынылған.

Жоғары лауазымды шенділердің бизнесте жүрген ең табысты балалары

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір