• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:32:42
Алматы
+35°

10 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Бразилия бас тартты: Қытай вакцинасы қауіпті ме?

Sinovac вакцинасы әлем бойынша сынақтың соңғы сатысынан өтуде.

Фото: sharespro.ru

Бразилия Қытайдың коронавирусқа қарсы вакцинасын сынақтан өткізуді тоқтатты. 29 қазанда вакцинаның ауыр салдары анықталған. Алайда нақты қандай салдары бар екені нақтыланбады.

Sinovac вакцинасы әлем бойынша сынақтың соңғы сатысында. Қытай оны өз елінде мыңдаған адамға салған.

Бразилия коронавирусқа шалдыққандар саны бойынша әлемде алдыңғы қатарда тұр. Онда алты миллонға жуық адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, қазір коронавирус ауруы өршіп тұрған елдердің үштігіне АҚШ, Үндістан және Италия кіреді.

Бразилияда 9 қарашада вакцинаның ауыр салдары анықталғаннан кейін оны сынақтан өткізу тоқтатылған. Дәл сол вакцина Индонезия мен Түркияда сынақтан өтті. Алайда, бұл елдер вакцинаны сынақтан өткізуді тоқтатпады.

Reuters-тің мәліметіне сәйкес, Бразилияның медициналық зерттеу жүргізетін Бутантан институтының басшысы Димас Ковас (Dimas Covas) жергілікті БАҚ-қа өлім тіркелгенін, бірақ оның вакцинаға байланысты емес екенін айтқан.

Сейсенбіде өткен конференцияда вакцинаны сынақтан өткізуді тоқтату таңғаларлықтай жағдай емес екені айтылды. Осындай жағдай Британияда  да болды. Қыркүйекте Британияда Covid-19 вакцинасын сынақтан өткізу тоқтатылған. Себебі вакцинаны салғаннан кейін еріктінің жағдайы нашарлаған.

Бразилия президенті Жаир Болсонару (Jair Bolsonaro) дайын вакцинаны сатып алуды қалайтынын айтып, Қытай жасаған вакцинаны сатып алудан бас тартты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір