14 Желтоқсан, 2020 Саясат
Фото: Ашық дереккөз
Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Евгений Федоров "Беларусь инфо" уoutube арнасына берген сұқбатта "Қазақстан Ресейге өз аумағын қайтаруға тиіс" деген мәлімдеме жасап, әріптесі Вячеслав Никоновтың айтқаны дұрыс екенін жеткізді.
– Елестетіп көріңіз, сіз өз жолдасыңызға автокөлік сыйладыңыз, артынан бір жылдан соң келіп "Вася, менің сыйлығым қалай?" деп сұрайсыз. Ал, ол сізге "қайдағы сыйлық? Мен бұл автокөлікті сенен өндіріп алғанмын немесе басқа дүниеге істегенмін" десе қалай? Ол адамның сізге жолдас емес екенін түсінесіз. Себебі дені дұрыс адам "керемет сыйлық немесе нашар сыйлық" деп айтып, алғысын білдіріп, "кейін қайтарамын" деп айтады, – деді Евгений Федоров.
Депутаттың айтуынша, Ресей Қазақстанға "жерді қайтарыңдар" деп талап қоюы керек.
– Қазақстанның ресми органдары "біз ешқандай сыйлықты білмейміз, бұл – сыйлық емес, біз сендерден тартып алдық" деп жатыр. Бұл жер я сыйлық, я болмаса тартып алынған болуы керек. Онда қазақстандықтар, сіздермен басқаша сөйлесіп көрейік. Бір орыс адамның жерді сыйға бергенін білу бір басқа, ал бұл жердегі мәселеде сендер алдыңдар да түкіріп тастадыңдар. Бұл жерде Қазақстанның СІМ солай істеп жатыр. Біз (Ресей-ред) жер аумағын бөлу кезінде 1991 жылы қабылданған шешімдерді қарап шығайық десек, моральді тұрғыдан ғана шектеу болып тұр. Қазақстанмен дос сияқтымыз, олармен жанжалдасудың керегі жоқ сияқты. Бірақ сендер біздің сыйлықты місе тұтпасаңдар, дос болмасаңдар, сендер біздің қолымызды байлап отырсыңдар. Ресей "егер біздің сыйлықты мойындамасаңдар, қайтарып беріңдер. Себебі сендер оны заңсыз алдыңдар" деп талап қоюы керек. Неге заңсыз? Себебі КСРО-ның аумағынан бөлініп шыққан мемлекеттер сол құрамға кірген кезде иеленген жерлерді өткізуі керек деген заң бар, Қазақстан да осы орыс тілінде жазылған заңға дауыс берген. Қазақстан КСРО-дан жерді жалға алған. "Жолдас Назарбаев, Тоқаев, СІМ кеткілеріңіз келсе, "чемодандарыңызды" алып кетіңіздер" деу керек. Сол кезде олар "баратын жеріміз жоқ" дейді. Ал оған біздің қатысымыз қанша? – деді депутат.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір