13 Қазан, 2021 NEWS
Фото: newsweek.com
Мәжіліс қылмыстық кодекске өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
– Гуманизм жасаудың маңызды бір қадамы – өлім жазасын жою. Осыны негізге ала отырып Қазақстан әрбір адамның өмір сүру құқығын және өлім жазасын сатылы түрде жою бағытын қолға алды. 2005 жылы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге ратификация жасады. Осы пакттің 6-бабына сәйкес, өлім жазасы тек қана айрықша ауыр қылмыс жасағаны үшін заңға сәйкес тағайындалуы мүмкін. Қазақстан 2006 жылы ЕО "Өлім жазасын жою туралы" үндеуіне қосылды, 2007 жылы БҰҰ Өлім жазасына мораторий енгізу туралы резолюциясын қолдады. Осының аясында өлім жазасын қолдану сатылай азайып келеді, – деді бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев.
Оның айтуынша, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өлім жазасы 26 аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған. Бұл жаза 1997 жылғы қылмыстық кодекстің 18 бабында ғна қалды. Ал 2014 жылы Қылмыстық кодекстің 17 бабында сақталды.
Қазақстан "Өлім жазасын жою туралы" үндеуге қосылуына байланысты өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Соттар өлім жазасын немесе балама жазаны қылмыстық ауырлығын, сотталушының жеке басын және оның қылмыс салдарына қарым-қатынасын ескеріп тағайындайды.
Бүгінде бұл жаза қылмыстық кодекстің 4 бабында сақталып отыр.
• Басқыншылық соғысты тұтандыру және жүргізу (160-бабы 2-бөлігі);
• Жаппай қырып-жою қаруын қолдану (163-бабы, 2-бөлігі);
• Әскери тұтқындар мен азаматтық тұрғындарды өлтіру арқылы соғыс заңдары мен дәстүрін бұзу (164-бабы, 2-бөлімі.);
• Соғыс уақытында жасалған геноцид (168-бабы, 2-бөлігі).
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір