29 Қазан, 2021 NEWS
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
«Тассай» индустриалды аймағындағы «Мега СМАРТ» ЖШС МДФ жылтыр плита және жиһаз өндірісі 2016 жылы іске қосылған болатын.
Қала әкімі жыл сайын өнімділікті арттыруға бет бұрған кәсіпорынның бүгінгі жағдайымен танысып, жұмыс барысына куә болды. Жалпы 1,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Бүгінгі таңда 157 адам жұмыс істейді. Дайын өнімдердің 60 %-ы ішкі нарыққа, 30 %-ы экспортқа жөнелтілуде.
«Мега Смарт» зауыты – еліміздегі баламасы жоқ бірегей өндіріс орны. Оңтүстік Корея технологиясымен жабдықталған кәсіпорын 3D форматындағы жылтыр тақталарды да дайындайды. Жылына 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз жиынтығын шығаруда. Кеңселерге және білім беру мекемелеріне аса қажетті жиһаздар.
Дайын тауарға жұмсалатын шикізаттың басым бөлігі ресей және жергілікті өнім. Оның қатарында мақта талшығы да қолданылады. «Мега Смарттың» өнімдеріне Қазақстанда сұраныс жоғары. Жылтыр тақталар Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспортталуда. Айта кетсек, өндіріс орнына «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір