• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 10:14:27
Алматы
+7°

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2021 жылғы 5 қарашада Шымкент қаласында «Әкелер Одағы» РҚБ қала әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және БҰҰ-ның Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) қолдауымен «Әкеге қарап ұл өсер» атты VI Республикалық әкелер форумы өткізілді.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2021 жылғы 5 қарашада Шымкент қаласында «Әкелер Одағы» РҚБ қала әкімдігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және БҰҰ-ның Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) қолдауымен «Әкеге қарап ұл өсер» атты VI Республикалық Әкелер форумы өткізілді. 

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасы институтын нығайту мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасында мемлекеттік отбасылық саясат ұлттық стратегиялық басымдықтар мен міндеттерге сәйкес іске асырылып отыр. Қазақстан Республикасының отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында елімізде әке институтын күшейту көзделген.  Әкелер форумының жұмысына Парламент депутаттары, Ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, сондай – ақ ата-аналар қоғамдастығының өкілдері - өңірлерден келген делегаттар қатысты. 

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, Парламент Сенатының депутаты Л.Сүлеймен, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі А. Омаров, БҰҰ-ның Қазақстандағы халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА) атқарушы өкілі Р. Сисемалиев құттықтау сөз сөйледі.   Форум модераторы Парламент Мәжілісінің депутаты, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Бақытбек Смағұл іс-шараны аша отырып, «бүгін де әке тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, әке институтын нығайту проблемасына қоғамның назарын аудару мәселелері ең алдымен балалардың бойында патриоттық сезімді, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелерімен өзара байланысты болуға тиіс.

Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Күшті отбасының қалыптасуында, балаларды тәрбиелеу мен дамытуда, ерлердің мінез-құлқын қалыптастыруда әкелер үлкен рөл атқарады». Форум қатысушыларына қоғамдық пікірді зерттеу орталығы жүргізген «Ерлердің рөлі, олардың Қазақстандағы отбасылық өмірге және балаларды тәрбиелеуге қатысу дәрежесі» атты ұлттық әлеуметтік зерттеудің нәтижелері ұсынылды. Зерттеумен Қазақстанның барлық 17 өңірі қамтылған, онда отбасылық ерлер мен әйелдер, жалғыз басты, өз бетінше бала тәрбиелеп отырған әкелермен, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің сарапшыларымен сұхбат жүргізілді. «Отбасы және дін», «Отбасылық тәрбиеде әкенің рөлін арттыру», «Қазақстанда отбасы институтын қалыптастыруға БАҚ пен блогерлердің әсері», «Балаларға спорттық тәрбие беру», «Мектептерде әкелер кеңесін дамыту», «Ерекше балалардың ерекше әкелері», «Балаларды тәрбиелеудегі кітаптардың рөлі» тақырыптарында белсенді пікірталастар өтті.  

Форум спикерлері – Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ҮЕҰ, спорт клубтарының, ғылыми қоғамдастықтың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, БАҚ саласындағы сарапшылар, отбасы мен балалар проблемаларын жария ететін блогерлер, сондай-ақ өңірлерден келген делегаттар осы процесте отбасы мен мектептің байланысын нығайту және ата-аналар қоғамдастығымен бірлескен жұмысты күшейту қажеттілігі туралы пікірді бірауыздан білдірді.    

Форум өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға арналған нақты ұсыныстарды атап өтумен аяқталды.     Іс-шара соңында өңірлерден келген делегаттарға жеке үлгі ретінде және әке институтын дамытуға қосқан үлесі үшін ұлттық комиссияның атынан алғыс хаттар табыс етілді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір