10 Қараша, 2021 NEWS
Фото: m.azh.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 8 қарашада коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 32 адам қайтыс болған.
Елде өткен тәулікте ПТР арқылы 1128 адамнан коронавирус, 205 адамнан пневмония анықталған.
Коронавирустан 29, пневмониядан 3 адам көз жұмған.
Бүгінде 38 380 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр, олардың ішінде 7 055 пациент стационарда, 31 325 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Ауруға шалдыққан 505 адамның жағдайы ауыр, 147 пациенттің жағдайы өте ауыр, 09 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 455 353 адам, 2-компонентін 7 727 793 адам салдырды.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта орналасқан.
Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір