• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:06:58
+8°

Алматыда 15 қарашадан бастап 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталады, деп жазады almaty-jastary.info сайты.

Пәтерлердің ай сайынғы жалдау ақысы коммуналдық қызмет ақысын қоспағанда 5 мың мен 12 мың теңге аралығында болады деп күтілуде.

Өтінімдерді қабылдау www.almaty-jastary.info. сайтында жүргізіледі. Өтінімдер 15 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін тапсырылу керек.

Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • Бағдарламаға талаптары:

    – 29 жасқа толмаған, мектеп, техникалық және орта білімі бар немесе жоғары оқу орнын тәмамдап жұмыс істеп жүруге тиіс;

    – Соңғы 2 жылда Алматы қаласында тіркеуде тұруы керек;

    – Жеке басында үйі жоқ болуы міндетті;

    – Банкте жинақ шоттың болуы міндетті.

    – Соңғы 6 айда үміткерлердің ай сайынғы жалақысы 40 АЕК-тен жоғары болуы тиіс – 116 680 теңге.

Берілетін пәтерлер Наурызбай ауданындағы "Алма Сити-5" және Алатау ауданындағы "Мәдениет" тұрғынүй кешенінде орналасқан. Жалпы саны – 1 050 бір бөлмелі пәтер. Жалға беру мерзімі – ұзарту құқығынсыз 5 жыл.

Қандай құжаттар тапсыру керек:

 1. Ережедегі қосымшаға сәйкес форма бойынша өтініш (өтінімді толтырған соң өзі құрылады);

2. Берушінің және ерлі-зайыптылардың (бар болса) жеке басын куәландыратын сканерленген құжат;

3. Білім туралы сканерленген құжаты (диплом, сертификаттар);

4. Неке қию туралы сканерленген куәлік (бар болса);

5. Балалардың сканерленген туу туралы куәлігі (бар болса);

6. Қазақстан Республикасы бойынша өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;

7. Жұмыс орнынан сканерленген анықтама, сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік жүргізген жағдайда жеке кәсіпкерліктің тіркелуі туралы куәлік;

8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы сканерленген анықтамасы;

9. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын сканерленген құжаттары (бюджеттік ұйымда өтілді растау үшін еңбек кітапшаның сканерленген беттерін немесе өтілді растатын анықтаманы жүктеу керек болады);

10. Екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы сканерленген үзінді;

11. Өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын сканерленген құжаттары (кәсіби саладағы жетістіктер ескерілуі қажет. Мысалы, дипломдар, марапаттар және басшылықтың алғыс хаттары).

12. Сонғы 2 жыл аралығында Алматы қаласы аймағында тіркеу орны өзгенген жағдайда, көші-қон органнан 2-жылдық тіркеуді растайтын сканерленген құжат жүктеліну керек (Полицияның көші-қон басқармасы).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір