Елде өткен тәулікте 931 адамнан коронавирус анықталды

/image/2021/11/16/crop-73_13_625x833_94ccbb61-bc96-4f23-924f-cffd823d6fc2.jpeg

Өткен тәулікте ПТР тест арқылы 931 адамнан коронавирус, 21 адамнан пневмония анықталған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

14 қарашадағы дерек бойынша бір күнде 16 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмған.

Елде ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жағдайлардың ресми саны 958 468-ге жетті. Оның ішінде 12 450 адам індеттен көз жұмған. 2020 жылғы 1 тамыздан бері 81 203 адам пневмонияға шалдыққан. Оның 5099-ы қайтыс болған.

16 қарашадағы мәлімет бойынша, 34 068 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 778 пациент стационарда, 27 290 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 505 адамның жағдайы ауыр, 128 пациенттің жағдайы өте ауыр, 88 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сай, 2021 жылғы 16 қарашадағы жағдай бойынша Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау,  Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары – "Сары" аймақта. Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "Жасыл" аймақта.

16 қарашадағы мәлімет бойынша елде коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін 8 556 638 адам, II компонентін 7 840 876 адам салдырған.

10 қараша күні түнде Қазақстанға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған Covid-19-ға қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Келісім шеңберінде Қазақстанға вакцинаның 4 млн дозасы әкелінбек.

Вакцина 12 жасқа толған балалар мен жүкті әйелдерге салынады деп жоспарланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар