• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:45:31
Алматы
+35°

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы мәліметтерді жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 921 адамнан коронавирус, 18 адамнан пневмония анықталған. 22 қарашада 10 адам коронавирустан, 1 адам пневмониядан көз жұмған.

22 қарашадағы мәлімет бойынша, 30 209 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 6 527 пациент стационарда, 23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 493 адамның жағдайы ауыр, 129 пациенттің жағдайы өте ауыр, 92 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Қызыл" аймақта. Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта. «Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

22 қарашадағы мәлімет бойынша 8 636 938 адам вакцинаның I компонентін, 7 946 142 адам II компонентін салдырған.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір