24 Қараша, 2021 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Альберт Эйнштейннің салыстырмалы теорияны жазған кездегі есептеулері бар қолжазба аукционда 11 миллион еуроға сатылды.
Париждегі "Christie's" аукцион үйіндегі сауда қолтаңба қойылған ғылыми құжат рекордын жаңартты.
Бұл теориялық физиктің ұлы ғылыми жұмысын көрсететін екі мақаланың бірі.
1915 жылы жарияланған теория адамзаттың кеңістік, уақыт және гравитация туралы түсінігін өзгертті.
Есептердің қолжазбасын 1913-1914 жылдар аралығында Эйнштейн мен құжатты сақтаған швейцариялық әріптесі Мишель Бессо жазған.
"Christie's" аукцион үйі Бессоның болашақты ойлап, тарихи маңызды қолжазбаны сақтағанын жоғары бағалады.
Аукцион үйінің сарапшысы Винсент Беллой "Эйнштейн – өте аз жазбалар сақтаған адам, сондықтан қолжазбаның аман қалғаны және бізге жеткені ерекше бағалы" деді.
Қағаздарда қара сиялы қаламмен жазылған есептер бар. Беллой мырзаның айтуынша, тарихи қолжазбада теорияны тұжырымдау жолындағы бірқатар қателер де бар.
"Christie's" бұл сатылым "дүние жүзінің түкпір-түкпіріндегі коллекционерлерді баурады" деді.
Алайда 54 беттік қағазды сатып алушы анықталған жоқ.
Эйнштейннің салыстырмалы теориясы ғаламның, планеталық орбиталардың және қара құрдымдардың пайда болуын түсінуге көмегін тигізген.
Өткен мамырда Эйнштейн теориясының ең әйгілі E=mc² теңдеуі бар хат 1,2 миллион доллардан артық бағаға сатылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір