• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Қараша, 00:53:27
Алматы
+12°

Короновирусқа қарсы Oxford-AstraZeneca вакцинасын жасаған ғалымдардың бірі Сара Гилберт келесі пандемия COVID-19-дан да қауіпті болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Би-би-си ақпарат агенттігі хабарлады.

Коронавирусқа қарсы Oxford-AstraZeneca вакцинасын жасаушы, Оксфорд университетінің профессоры Сара Гилберт келесі пандемия жұқпалы болуы мүмкін екенін және бұдан да көп адамның өмірін қиюы мүмкін екенін айтты.

– Бұл вирус – өмірімізге қауіп төндіретін бірінші жағдай емес. Шындығында, келесі вирус одан да қауіпті болуы мүмкін. Ол одан да жұқпалы немесе өлімге әкелуі мүмкін, – деді ол.

Ғалым пандемияға дайындықты қамтамасыз ету үшін көбірек қаржыландыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ вакциналар "Омикрон" жаңа штамына тиімділігі төмен болуы мүмкін екенін ескертіп, "Омикрон" штаммы туралы ақпарат толық белгілі болғанша сақ болуға шақырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір