08 Желтоқсан, 2021 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Денсаулық сақтау министрлігі 7 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 704 адамнан коронавирус, 112 адамнан пневмония анықталған. 6 желтоқсанда 11 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.
8 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 819 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 604 пациент стационарда, 18 215 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандар арасында 353 адамның жағдайы ауыр, 90 пациенттің жағдайы өте ауыр, 60 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары "Сары" аймақта.
"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.
8 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 808 125 адам вакцинаның I компонентін, 8 223 795 адам II компонентін салдырған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір