Елде өткен тәулікте 546 адамнан коронавирус анықталды

/image/2021/12/17/crop-196_17_605x806_fdad1783-5305-48db-a5af-86f46f872ec1.jpeg

Денсаулық сақтау министрлігі 16 желтоқсан күнгі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.

Министрлік мәліметінше, өткен тәулікте ПТР тест арқылы 546 адамнан коронавирус, 59 адамнан пневмония анықталған. 15 желтоқсанда 7 адам коронавирустан, 3 адам пневмониядан көз жұмған.

17 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 20 002 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 468 пациент стационарда, 16 534 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында 281 адамның жағдайы ауыр, 81 пациенттің жағдайы өте ауыр, 63 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "Сары" аймақта.

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.

17 желтоқсандағы мәлімет бойынша 8 888 767 адам вакцинаның I компонентін, 8 345 536 адам II компонентін салдырған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар