• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:23:03
Алматы
+35°

Түркістан облысындағы Сарыағаш-инфо" газетінің редакторы Амангелді Батырбековтің үйіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Нұржүрек Махаев есімді Facebook қолданушысы жазды.

"03.01.2022 жылы сағат 23:00 шамасында Амангельды Батырбеков ағамыздың үйіне шабуыл жасалды. Екі рет оқ атылып ұлы жарақат алды" делінген желудегі жазбада.

Оқиғаның мән-жайы туралы әзірге өзге ақпарат жоқ. Жағдайға байланысты полиция я журналистің өзі пікір білдірмеді.

Журналист бұған дейін әлденеше рет желідегі жазбасына бола "жала жабу" және "қорлау" бабымен қылмыстық істерге тартылып, артынша ақталып шыққан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір