• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:14:01
+7°

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы әуежайы 13 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайтынын хабарлады.

"2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап Алматы халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастайды" делінген ресми сайт таратқан ақпаратта.

Әуежай басшылығының ақпараты бойынша әуе компанияларының ұшу кестесіне сәйкес ішкі және халықаралық рейстер сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін орындалады. 

Сонымен қатар Алматы әуежайы арқылы елге орала алмайтын туристер Нұр-Сұлтан әуежайына қайта бағытталады. Алматыға оларды темір жол көлігімен жеткізеді.


Министрлік  "ҚТЖ" ҰК" АҚ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, елордалық вокзалдарға арнайы автобустармен туристер трансферін ұйымдастыратынын мәлім етті. Вокзалдардағы билет кассалары тәулік бойы жұмыс істейді.

Уәкілетті орган туристердің келуі туралы ақпаратты ұсынуына қарай Нұр-Сұлтаннан жолаушыларды жөнелтуді ұйымдастыратын болады.

Қазіргі уақытта барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша және Қазақстанның барлық бағыттарына жүреді. Барлық пойыздарға т/ж билеттері бар. Министрлік дерегінше, Нұр-Сұлтаннан шығатын пойыздарға жол жүру құжаттарының (билеттердің) тапшылығы жоқ.

Билеттер туралы толығырақ ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және Кaspi.kz мобильдік қосымшасының "ҚТЖ билеттері" бөлімшесінен білуге болады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы әуежай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір