11 Ақпан, 2022 NEWS
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжілісте бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Сондай-ақ "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобын тіркелді.
"Мәжіліс бюросы "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобын тіркеді" делінген ақпараттық хабарламада.
Топ өкілдері жұмыстың алғашқы нәтижесі 10 күннен кейін байқалатынын айтты.
Депутат Наталья Дементьева топ алдағы уақытта аймақтарға шығып, қордаланған мәселелермен танысып қайтатынын айтады. Топқа түрлі партия өкілдері мүше бола алады.
Сөзінше, жуырда депутаттық топқа үш тең төраға жетекшілік етпек. Олардың қатарында Наталья Дементьева, Еділ Жаңбыршин және Айдос Сарым бар. Үшеуі де "Нұр Отан" партиясының өкілі.
– Біз қазір қарулы күштер туралы, полиция туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы заңдарды күтіп отырмыз. Ал үкіметтің кейбір уәждеріне қарайтын болсаңыз, оны "жазда береміз" дейді. Ал оған дейін бізде құқық реформасы жүрмеуі керек пе? Армияны күшейтудің керегі жоқ па деген сияқты көптеген мәселе бар. Сондай дүниелерді бәлкім осы "Жаңа Қазақстан" тобы арқылы белсенді түрде талап етіп, парламентте трибунаға шығарғымыз келіп отыр, – деді Айдос Сарым жұмыс тобының құрылуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір