Концерт базарда, теміржол вокзалында және сауда ойын-сайық кешендері мен қарттар үйінде өтті.
Әншілер ұлттық киіммен Көк базарға барып, сатушыларға ән салып, бірге би билеу арқылы базар қызметкерлерін қуантып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Өнерпаздар бұдан бөлек қарттар үйіндегі ата-әжелерді наурыз мерекесімен құттықтап барды. Видеодан қарттардың қуанғаны жүздерінен көрініп тұр.
Мерекелік тосынсый алыстағы ауылына асыққан студенттер мен туыстарына жол тартқан жолаушылар жиналған Алматы-2 теміржол вокзалында жалғасты. Вокзалға сау ете қалған әншілердің әні қартайған қарттың да, кішкентай баланың да езуіне күлкі үйірді.
Имправизациялық іс-шара ұйымдастырушылары қаладағы бірнеше аулаға да бас сұқты.
"Біз тосыннан пайда болып, көпшілікке ән айтып, коларды күлдіріп, қуаныш сыйлағымыз келді. Бұл қолымыздан келді де. Бізді әрістер де қолдады" дейді ұйымдастырушылардың бірі.
Пікір қалдыру