Бүгін Шымкент қаласында ішкі істер саласын жетілдіру мәселесі талқыланды. Отырысқа Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен құқық қорғау органдарының басшылары мен мәслихат депутаттары қатысты.
Отырыста Берік Бекжанов елімізде мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе көлік құралына жалған, қолдан жасалған нөмiрлерді пайдалану арқылы көлік жүргізу фактілері кең етек алғанына назар аударды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында заң үстемдегін орнатуға баса назар аударды. Осы орайда депуттат құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіруге және жол көлік оқиғаларын алдын алу үшін заңды қатаңдатуға ерекше мән беруде.
Атап айтатын болсақ, «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексте заңсыз мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн қолданғандарға бес айлық есептiк көрсеткiштен (15 315 тг) төрт жүз (1 225 200 тг) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады.
Ал Қылмыстық кодексте көлік нөмірін қолдан жасау немесе жалған нөмір пайдалануға екі мың айлық есептік көрсеткішке (6 126 000 тг) дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу қарастырылған.
Айта кету керек, Бас Прокуратураның мәліметіне сәйкес, аталған фактілер бойынша 2022 жылдың I тоқсанында барлығы 73 124 құқықбұзушылық тіркеліп, 72 628 факт бойынша әкімшілік айыппұл салынып, 16 жүргізуші жүргізуші куәлігінен айрылған.
Мәжілістің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру