НАТО Украинадағы соғыс қанша уақытқа жалғасатынын айтты

/image/2022/04/29/crop-7_7_395x609_630af0a0-2b1c-44af-b00e-4ced1481be3b.jpeg

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Киевте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен кезде Ресей Украина астанасын шабуылдады..

Зеленский Ресейді "БҰҰ-ны масқаралауға тырысты" деп айыптады.

Ал Киев мэрі Виталий Кличко БҰҰ бас хатшысының сапары кезінде Ресей Киевке зымыранмен соққы жасауын "Путиннің ортаңғы саусағын көрсетуі" деп сипаттайды.

"Бұл (шабуылдың) символдық мәні бар, дәл қазір мұнда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы жүр. Бұл оған сәлем деп аталады. Путин осы сәтте ортаңғы саусағын көрсетті. Ол біздің үйлерімізді атқылап, қиратып жатыр. Оның көздегені үй емес, адам" дейді Киев мэрі.

Мәскеу кеше түнде Киевті, оның ішінде зымыран шығаратын нысанды нысанаға алғанын растаған.

НАТО Бас хатшысының орынбасары Мирча Геоана ВВС-ге берген сұхбатында Украинадағы соғыстың бірнеше жылға жалғасуы мүмкін екенін айтты.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар